ДАИШ-тың 5 көшбасшысы ұсталды - Әлем|11 Мамыр 2018, 08:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ДАИШ-тың 5 көшбасшысы ұсталды

Фото: интернеттен

ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының іздеуде жүрген ең ірі бес көшбасшысы ұсталды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-інде мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«ДАИШ-тың іздеуде жүрген ең ірі бес көшбасшысы ұсталды!», - деп жазды Трамп.

Террористердің есімдері аталмайды. Оларды қалай және кімдер ұстады, қандай операция жүргені туралы да мәлімет жоқ.

Ал 9 мамыр күні The New York газеті ДАИШ-тың бес көшбасшысы – Ирактың 4 азаматы мен сириялықтың ұсталғаны туралы жазған. Онда басылым бұл америкалық және ирак күштерінің үш айда жүргізген операциясының нәтижесінде қамауға алынды деген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер