Мәскеудің оңтүстік-шығысында чемодан ішінен жас қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sn.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы журналистерге Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова мәлімдеген.

"31 тамыз күні Мәскеудің оңтүстік-шығысында Кремльдік курсанттар аллеясында жаяу жүргіншілердің бірі чемодан тауып алған. Чемоданның ішін ашып көргенде жас шамасы 18-25 аралығындағы қыздың мәйіті табылған. Марқұмның денесінде азаптаудың белгілері табылмады. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның неден өлгенін анықтайтын боламыз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Юлия Иванова.
Оқиға орнында куәгерлер мен тергеушілер және криминалды полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. олар қайтыс болған қыздың кім екенін анықтауда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!