Бразилияда ыстықтан балықтар жаппай қырылып жатыр - Әлем|24 Желтоқсан 2018, 09:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бразилияда ыстықтан балықтар жаппай қырылып жатыр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Аптап ыстықтан Рио-де-Жанейро қаласы маңындағы көлдердің бірінде 15 мың тонна балық қырылып қалды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Себебі, шаһардағы ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, қатты ыстықтан көлдегі оттегі азайып, апатты жағдайға әкелген.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 5 жыл бұрын балықшылар осындағы көлден 65 мың тонна өлі балық аулаған. Бірақ ол кезде балықтардың қырылуына нөсер себеп болған. Шелектеп құйған жауыннан көлге зиянды қалдықтар тараған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер