Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Белоруссияда алғашқы ақпараттық технология ротасы құрылды. Бұл туралы сол елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Белоруссияда алғашқы ақпараттық технология ротасы құрылды. Бұл туралы сол елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұндай құрылымды жасақтаудағы басты мақсат – ақпараттық технология саласындағы мамандардың интелектуальды қабілетін барынша пайдалана отырып, қарулы күштердің дайындық тиімділігін арттыра түсу», -делінген ведмостваның сайтында.
Сондай-ақ, жаңа құрылымға байқау жарияланып, бір орынға 8 адамнан таласқаны айтылған. Ротаның құрамында барлығы 40 әскери қызметкер бар екен.
Белоруссия Қорғаныс министрлігі олардың басты тапсырмасы тікелей бағдарламалаумен байланысты болатындығын да атап өткен.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!