BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Австрияда ниқаб пен бурка киюге тыйым салынды

Австрияда 1 қазаннан бастап қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын орамалдар мен бас киімдерді киюге ресми түрде тыйым салынды. Негізінен олар ниқаб пен буркалар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Заңдағы мәтінге сәйкес, бас киім киген кезде бет-жүзің маңдайдан иекке дейін ашық тұруы тиіс.

Сол себепті хиджаб киюге тыйым салынбаған. Сондай-ақ, жаңа заң бойынша медициналық және клоундардың бетпердесі, балаклава мен респироторлар киюге болмайды. Бірақ, кәсіби міндетті орындау кезінде медициналық бетпердені және ұлттық мерекелер мен карнавалдарда бетпердені киюге рұқсат етіледі.

Исламдағы әйелдер киімі

  • Хиджаб – әйелдің денесін басынан аяғына дейін жауып тұратын киім, тек бет-жүзі ашық болады
  • Паранджа – бастан аяққа дейін денені жауып тұратын киім, ұзын жеңі және бет-жүзін жауып тұратын чачаван торлы бетпердесі бар
  • Чадра – бүкіл денені жауып тұратын жеңіл халат-жапқыш
  • Ниқаб - бетті бүркеп, тек көзді ғана көрсететін киім
  • Бурка – әртүрлі паранджаның түрлері, Пәкістан мен Ауғанстанда кең тараған. Бастан аяқ денені жауып тұратын киім. Көздің тұсы ойылып қана ашық тұрады немесе торлы жұқа матасы болады

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл заң Австрияның ұлттық құндылықтарын қорғауға бағытталған.

Франция мен Бельгияда ниқаб пен буркаға 2011 жылы тыйым салынған. Осындай заңды қазір Нидерланд парламенті де талқылауда. Ал Ұлыбританияда мұндай тыйым жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер