Аптап ыстықта көліктің ішінде қалған 2 бала көз жұмды - Әлем|31 Шілде 2017, 10:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аптап ыстықта көліктің ішінде қалған 2 бала көз жұмды

АҚШ-тың Аризона штатында аптап ыстықта көліктің ішінде қалған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rosbalt.ru-ға сілтеме жасап.

АҚШ-тың Аризона штатында аптап ыстық кезінде екі қайғылы оқиға болды.

Бірінші қайғылы жағдайда әкесі бір жасар сәбиді көліктің ішінде қалдырып кетеді. Салдарынан көліктің ішіндегі бала ыстықтап, ауа жетпей көз жұмады.

Екінші оқиғада атасы мен әжесі жеті айлық баланы төрт сағат көлікте қалдырып, өздерінің шаруаларымен жүріп қалады. Көлікте қалған бала ыстықта ауа жетпей тұншығып, қайтыс болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер