Антарктида мұзының астынан 91 жанартау табылды - Әлем|14 Тамыз 2017, 15:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Антарктида мұзының астынан 91 жанартау табылды

Фото: Алексей Никольский / РИА Новости

Эдинбург университетінің ғалымдары Антарктида мұзының астынан 91 жанартау тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Жанартаудың биіктігі 100 - ден 4 мың метрге жетеді, материктің батыс шетінде орналасқан. Оларды екі шақырымдық мұз қабаты жапқан. Ертеректе тек 47 жанартау болған екен. Енді мамандар жанартаулар қаншалықта белсенді және қауіпті екенін анықтамақ. Геологтар егер осы жанартаудың біреуі атқыласа, Антарктидадағы мұздықтардың теңізге шығуына әкеп соғады дейді.

11 сәуір күні Ковентри университетінің (Ұлыбритания) географы Мэттью Блэкетт Жер шарындағы ең қауіпті бес жанартауды атаған еді. Егер жанартаулар атқыласа, мыңдаған адам қаза табады. Ғалымның болжауынша, Везувий (Италия), Ньирагонго (Конго Демократиялық Республикасы), Попокатепетль (Мексика), Кракатау (Индонезия) және Пэктусан (Солтүстік Корея) сөнбеген жанартаулары адам өміріне қауіпті болып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер