BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Анасы хиджаб киюден бас тартқан қызының шашын тақырлап алып тастады

Жақында Италияның Болонья қаласында елді елең еткізген оқиға болды. Жергілікті отбасылардың бірінде ата-анасы хиджаб киюден бас тартқан 14 жастағы қызын қатаң жазалаған, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Анасы хиджаб киіп жүруден бас тартқаны үшін қызының шашын тақырлап алып тастаған. Мұны байқаған мектеп басшылығы құқық қорғау органдарына жүгінді. Қазір қыздың және оның сіңлілерінің мәселесімен әлеуметтік қызметтер айналысып жатыр.

Қыздың отбасы бірнеше жыл бұрын Бангладештан Болонья іргесіндегі елдімекенге қоныс аударған екен. Көршілері ерлі-зайыптылардың теріс әрекетін байқамаған. Полицияның назарына да еш ілікпеген көрінеді. Кейінірек анықталғандай, әкесі мен анасы балаларына күш көрсетпеген, бірақ психологиялық қысым жасаған.Қыздарына үйден ата-анасынсыз шығуға, көшеде хиджабсыз жүруге немесе өзімен қатарлас ұлдармен сөйлесуге тыйым салған. Айтылғандарды орындамаса, қатаң жазалаймыз деп қорқытқан.

Бұл жайтты естіген жергілікті мұсылмандар қауымы 14 жастағы қызға араша түсті.

Мұсылмандар қауымының үйлестірушісі Яссин Лафрамның айтуынша, балаға күштеп хиджаб кигізу ислам дініне қайшы. Әр адам оны жүрек қалауымен жасауы керек.

Әлеуметтік қызмет қыздарды ата-анасынан алып қойды. Балалардың тағдырын енді сот шешеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер