BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америкалық министр сыйлыққа жылқының тезегін алды

АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин жылқының тезегі салынған сәлемдеме алды. Бұл туралы NBC News басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Лос-Анджелестің Бель-Эйр ауданына саперлер отряды келіп, қаржы министрі көршісінің үйінің алдына қалдырылған қорапты тексерді.

NBC-тің полициядағы дереккөздеріне сәйкес, қорап сыйлық ретінде оралыпты. Ішінде ашықхат бар. Оған Мнучин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың аты жазылған. Телеарнаның хабарлауынша, ашықхатта ешқандай қауіп туралы жазылмаған. Тек хаттың авторы 22 желтоқсанда Трамптың қол қойған салық жүктемесін қысқарту туралы заңын сынға алған.

Президент демалысқа шығар алдында қол қойған заң АҚШ-та 1986 жылдан бері қайта қарастырылған ең ауқымды салық заңнамасы ретінде қабылданды.

Жаңа құжатқа сәйкес ірі корпорациялар және американың бай адамдары салықтық жүктемеден аздап босатылады. Ал, экономикалық жағдайы төмен тұрғындарға мұндай жеңілдік көп қарастырылмаған. АҚШ үкіметінің айтуынша, бұл орта кластың экономикасын жақсартуға ықпал етеді. Бірақ сарапшылар бұл шара мемлекет алдынағы қарыздарды 1,5 триллионға жеткізеді деп сенімді түрде айтып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер