BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Аман Төлеевке жаңа қызмет ұсынылды

Фото: SN.kz

Кемеров облысы халық депутаттары кеңесінің кезектен тыс сессиясында облыстың бұрынғы губернаторы Аман Төлеев өңірлік парламенттің төрағалығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

«Біз Аман Төлеевті халық депутаттары кеңесінің төрағасы ретінде сайлауды ұсынамыз. Бізде тек бір кандидатура бар», - дейді «Единая Россия» фракциясының көшбасшысы Сергей Апарин.

Естеріңізге сала кетейік, Аман Төлеев Кемеров облысын 20 жылдан астам уақыт басқарған. Алайда Кемеров қаласындағы алапат өрттен кейін жергілікті тұрғындар ереуілге шығып, губернатор Аман Төлеев пен қала мэрін қызметтен қууды талап еткен болатын.

Алапат өрттен 64 адам қаза тапқан. Оның басым бөлігі – балалар.

Артынша, Төлеев халқына видеоүндеу жолдап, отставкаға кететінін мәлімдеді. Кейін экс-губернаторға Кемеров облысының Сайлау комиссиясы облыстық кеңесте бос тұрған депутаттық мандатын ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер