BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Алжирде әскери ұшақ құлады: қаза тапқандар саны 200-ден асуы мүмкін

Фото: 24smi.org

Алжирде бортында 200-ден астам адамы бар әскери ұшақ құлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dailysabah.com сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ апатынан кем дегенде 150 адам қаза тапты.

Alg24 порталы Ил-78 ұшағы апатқа ұшырағанын жазады. Төтенше жағдай Блида қаласына жақын маңдағы ауыл шаруашылық аумағында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 кезінде болған.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем қызметі жіберіліп, жақын маңдағы жол қозғалысы тоқтатылды.

Еске сала кетсек, наурыз айында Мәскеу қаласынан Орск қаласына ұшып шыққан Saratov Airlines əуе компаниясына қарасты ұшақ апатқа ұшырап, 71 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер