Астана, BAQ.KZ. CNN журналисі Лилит Маркус (Lilit Marcus) Twitter-ге әйеліне бүйрек іздеген ер адамның суретін жариялады. Фото әлеуметтік желіде көптеп таралып, бір отбасының өмірін өзгерттті. Тіпті атақты адамдар да қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді. Кейінірек Маркустың оқиғасын CNN сайты жазды.
Журналист фотоны желтоқсан айының соңына қарай Twitter-ге жариялаған.
«Кеше Target дүкенінде түсірген фотосурет ойымнан кетер емес», - деп жазды редактор.
Суретте ер адам «Әйеліме бүйрек қажет B+ (үшінші оң қан тобы)» деп жазылған және телефон нөмірін қалдырған мәлімдемені сөмкесіне жапсырып алған.
Бірнеше сағатта фото мыңдаған ретвит жинаған. Оны танымал тұлғалар да бөліскен. Бір апта ішінде фотосурет 23 мың аккаунтқа тарап, 35 мың лайк жинаған.
Суреттегі ер адам Рэймонд Томпсон (Raymond Thompson) екен. Ол әйелімен және 4 жасар қызымен бірге Бруклинде тұрады. Екі жыл бұрын оның әйеліне бүйрек ауруы диагнозын қойған.
Томпсон әлемнің түкпір-түкпірінен «көмек қолын созамын» деген белгісіз адамдардан қоңыраулар келіп түскенде таң қалған. «Вирус жазба» туралы ол солардан естіген. Бүйрек табылған соң Томпсон краудфанд ресурстарға алақан жаймайтынын айтты. Операцияға байланысты бар шығындар мен медициналық сақтандыруды өздері төлейтінін жеткізді.
CNN қызметкер осы оқиға өзінің де өмірін өзгерткенін мойындады. Ол жілік майы доноры атанып, қан тапсыруды бастаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!