BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі ең танымал ән белгілі болды

Луис Фонси мен Дэдди Янкидің «Despacito» әні тыңдалуы жағынан рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

«Despacito» әні 4,6 миллиард рет тыңдалып, бұған дейін танымал болған Джастин Бибердің әнін басып озған. Бибердің 2015 жылы ұсынған «Sorry» деген әнінің тыңдалымы 4,4 миллиардқа жеткен еді.

Universal Music Group басшысы Люсиан Грэйндждің айтуынша, «Despacito» әні стримингтің арқасында осындай танымалдыққа ие болған.

Айта кету керек, бұл әннің танымал болуына Джастин Бибердің тікелей қатысы бар. Ол пуэрторикандық музыканттармен бірге ән айтып, олардың танымал болуына жол ашты.

«Despacito» әніне түсірілген бейнеклип 2,6 миллиард рет қаралған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер