Әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды - Әлем|31 Қаңтар 2018, 09:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлемдегі ең қарт ер адам қайтыс болды

Испанияда әлемдегі ең қарт ер адам 114 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Франсиско Нуньес Оливер соңғы күндеріне дейін жаттығу жасап, шөберелерімен ойнап, тіпті бақшадағы көкөністерді күтумен айналысқан. Оның соңында төрт баласы, тоғыз немересі, он бес шөбересі қалды. Ал әйелі 1988 жылы дүниеден өткен.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Израильдің Хайфе қаласында тұратын әлемдегі ең қарт ер адам 113 жасында қайтыс болған еді. Содан кейін әлемдегі ең қарт адам Оливерге бұйырған болатын.

Әзірше, енді әлемдегі ең қарт адамның кім екені белгісіз. Ал ең қарт әйел Жапонияда тұратын Наби Тадзима. Өткен жылдың тамыз айында ол 117 жасқа толды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер