BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлем назары Каталонияның тәуелсіздік туралы референдумында

Әлем назары Каталонияға ауды. Бұл автономды аймақ өз тәуелсіздігі жөнінде референдум басталуға жақын. Ресми Мадрид бұл шараны заңсыз деп жариялағанымен, жергілікті билік плебисцитті жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

24.kz арнасының мәлметіне қарағанда, Испания тәртіп сақшылары сайлау өткізілетін ғимараттарды жауып тастаған. Ал Рейтер ақпарат агенттігі 1 мың 300 мектеп жабылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар билік сайлау бюллетеньдерін алып тастап, дауыс беруге үндейтін сайттарды бұғаттап тастаған.

Осы референдумға байланысты испан халқының пікірі екіұдай. Елдің бірқатар қалаларында Испанияның тәуелсіздігін қолдаушылармен қатар қарсы болғандар да ереуілге шыққан.

Айта кетейік, Каталония – Испанияның басқа өңірлеріне қарағанда экономикасы әлдеқайда алға басқан аймақ. 7 миллиондай тұрғыны бар. Олардың бәрі ана тілінде сөйлейді. Каталондықтардың өз тәуелсіздігін алуға деген ұмтылысы 2012 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін күшейген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер