BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚШ пен Ресей Сирия мәселесін талқылап жатыр

АҚШ пен Ресей Сирияда «Ислам мемлекеті» террорлық тобын жеңгеннен кейінгі жағдайды реттеу мәселелерін талқылап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Associated Press-тің мәлметіне қарағанда, Вашингтон мен Мәскеу АҚШ пен Ресей әскері арасында жанжал шығуына жол бермеу, Сириядағы азамат соғысына қатысушы тараптардың арасындағы зорлық-зомбылықты азайту және БҰҰ-ның арағайындық етуімен Сирия бойынша бейбіт келіссөздерді қалпына келтіруге бағытталған мәселелерді қарастырып жатыр.

Агенттік ақпараты бойынша, АҚШ пен Ресей Сирияда атысты тоқтату режимін бұзу фактілерін тіркеу үшін 2017 жылы Амманда құрылған бірлескен "мониторинг орталығының" ары қарайғы жұмысы да талқыланады.

Бұған дейін қыркүйекте Сирия мәселесі бойынша Астанада өткен келіссөздерде АҚШ пен Ресей өкілдері екіжақты кеңесулер өткізгені туралы хабарланған болатын.

Өткен айдың соңында Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің жетінші кезеңі өткен. Онда гарант елдер - Ресей, Түркия және Иран бірлескен мәлімдемеде Сирияда қақтығысты тоқтату режимін нығайту шараларын жасау нәтижесінде зорлық-зомбылық көрсеткіші азайғанын айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер