Әйелдер өтірік айтқан кезде қандай сөздерді жиі қолданады? - Әлем|23 Қазан 2017, 14:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әйелдер өтірік айтқан кезде қандай сөздерді жиі қолданады?

«Мүмкін», «мен» және «тырысу». Америкалық ғалымдар осы үш сөздің ең жиі қолданылатынын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы lenta.ru «The Times» басылымына сілтеме жасап жазады.

Ғалымдардың айтуынша, жазбаша сөзде әйелдер біреуді алдау үшін «мүмкін», «мен» және «тырысу» деген сөздерді жиі пайдаланады. Сондай-ақ, әйелдер өтірік айтқан кезде орташа есеппен 9,2 сөз қолданады екен (шындықты айтқанда – 8 сөз).

Ал ер адамдар «мүмкін» және «әрине» сөздерін жиі қосады. Сонымен қатар, мамандар әйелдердің ер адамдарға қарағанда жиі өтірік айтатынын анықтады.

Мобильді қосымша арқылы жүргізілген экспериментке 1703 адам қатысты. Қатысушылар айтылған сөздердің рас-өтірігін бағалаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер