BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

77 жастағы қарттың алғашқы еңбекақысын анасы 62 жыл сақтаған

77 жастағы қарттың алғашқы еңбекақысын анасы 62 жыл сақтаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық Майкл Доэрти 15 жасында тапқан алғашқы табысын анасына береді. Ал жақында ол анасының столынан ақшасы салынған конвертті тауып алған.

Маргарет екі фунт, 15 шиллинг және 9 пенс болған баласының алғашқы еңбекақысын жарты ғасырдан астам уақыт бойы сақтапты.

Майкл Доэрти алғашқы жалақысын 15 жасында анасына әкеліп береді. Ол құрылысшының көмекшісі болған. Мектепті жаңа бітірген жасөспірім үшін ол кезде екі фунт деген біраз ақша екен. Бірақ Майкл ақшасын жұмсамай, анасына берген. Ал оның анасы Маргарет болса баласының табысын қиын күндер болғанда жұмсаймыз деп тығып қойып, ұмытып кеткен.

77 жасында Майкл 104 жастағы анасының үйін реттеп жүргенде өзінің алғашқы еңбекақысын тауып алады.

«Анам ол ақшаның осы күнге дейін сақталғанына өзі де таңырқады», - дейді Майкл Доэрти.

Майклдың қазір екі шөбересі бар. Енді олар бұл ақшаны естелік ретінде одан әрі сақтап қоймақшы.

«Бұл жақсы естелік. Анам мұны көріп қатты қуанды. Өйткені сол кездер ол үшін ең жақсы күндер еді. Анам ақшаны уысында ұстап тұрғанында миллиондар ұстағандай қуанған еді», - дейді баласы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер