300 жыл бұрын батып кеткен кеменің құпиясы ашылды - Әлем|23 Мамыр 2018, 10:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

300 жыл бұрын батып кеткен кеменің құпиясы ашылды

300 жыл бұрын Испания жағалауында суға батқан кеме табылды. Ғалымдар 17 миллиард долларға бағаланған құнды заттарды тасымалдаған кеменің құпиясын ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Жылдар бойы Испания ғалымдары мен зерттеушілері 300 жыл бұрын суға батып кеткен кемені тауып алуға тырысты. Бұл ерекше кеме бүгінгі күні құны 17 миллиард доллар деп бағаланған алтын-күміс бағалы заттарын тасымалдаған.

Сан-Хосе кемесін ұзақ жылдар бойы іздеген ғалымдар оны суға батып, із-түссіз жоғалғаны үшін «қасиетті грааль» деп атап кеткен. Алғаш рет жоғалған кеме 2015 жылы Колумбиядағы Картеген жағалауында анықталды. Ел Үкіметі рұқсат берген соң, Вудс Хоул Теңіз институтының ғалымдары кеме қалдықтарын зерттеген.

Сан-Хосе кемесі испан флотының ірі галеоны ретінде 62 оқ атқышы бар кеме болып саналған. Ол Перудің Потоси аймағынан алтын, күміс, изумруд тасын тасымалдаған. Панамадан Колумбияға сапар шегіп, 1708 жылы 8 маусымда жолға шығыпты. Бұл уақытта испан құнды заттары үшін Британия кемелері оқ атып, соғыс бастаған. Сан-Хосе испан кемесінде алты жүзге жуық адам болыпты.

Ағылшындар оқ атқан соң, суға батқанда ғана кеменің бағалы заттарына қол салған. Сан-Хосе бағалы жүгінің ұрлануы Еуропадағы көптеген саудагер үшін қиындық туғызған.

Сан-Хосе кемесінің қалдықтарын табу үшін ғалымдар пилотсыз REMUS 6000 су асты аппаратын қолданған. Бұл аппарат 2011 жылы Air France 447 қалдығын анықтауға және 2010 жылы Титаник кемесінің апатқа ұшыраған аумағын суретке түсіріп алуға көмектескен.

Сан-Хосе кемесінің суға батуы және құнды заттарының ұрлануы – қайғылы жағдай. Ол Үкімет мүшелері мен көптеген шағын компаниялар арасында бөлініп кеткен дейді зерттеушілер.

Құнды заттарынан басқа Сан-Хосе кемесінің ашылуы Колумбия тұрғындары үшін аса маңызды. 18-ғасыр басындағы Колумбияның экономикалық, әлеуметтік, саяси статусы анықталды. Зерттеуші Вудс Холдың айтуынша, Колумбия Үкіметі кеме қалдықтарын көпшілікке таныстыру үшін мұражай ашып, зертхана жасақтайды.

ЮНЕСКО ұйымы Колумбия билігіне әзірге кеме туралы ақпарат беруге тыйым салды. Сан-Хосе кемесінің қалдықтары нақты қай жерде сақталғаны құпия түрде қалып отыр. Ал көпшілік 300 жыл бойы жатқан орнынан кеме қалдықтары әлі толық тасымалданған жоқ деп болжап отыр.

Ағылшын тілінен аударған

Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер