BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алаш қайраткерлері жеке басының қамын ғана ойласа, жағдайлары жаман болмас еді – ғалым

Ғалым Өмірзақ Озғанбаев еуропалық үлгіде білім алған алаш қайраткерлері жеке басының қамын ғана ойлағанда ешкімнен кем түспей өмір сүретінін айтады. Бұл туралы ол Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай өткен «Алаш мұраты және руxани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тарихын білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болады. Тарихты білу арқылы бүгінгі күнімізді түсінеміз, болашақ бағдарымызды айқындаймыз. Ұлы бабалардың жасаған еңбегі – қазақ халқының болашағы үшін жасалған еңбек», - деді ғалым Өмірзақ Озғанбаев.

ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Алаш қайраткерлерінің өмірін зерттеуді тоқтатпай, халық санасынан шықпауы керек дейді.

«Олардың әрқайсысы заманына сай еуропалық үлгіде білім алған азаматтар. Егер жеке басының қамын ғана ойлағанда сол дәуірде жақсы өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдар еді. Бірақ қасиеттерін халқына қызмет жасау үшін пайдаланып, бүкіл саналы өмірін қысым көрсе де, айдалса да, атылса да халыққа арнаған ұлы тұлғалар. Олар еш уақытта қазақ халқының санасынан шықпауы керек. Олардың өмірі зерттеле беруі тиіс», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер