BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алаш Астанасында алаш тойы жалғасып жатыр

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанадағы Ұлттық музейде Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алаш зиялыларының идеясын, тағылымды ғұмырын ұрпақ тәлім-тәрбиесінің өзегіне айналдыру, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлемдік ғылым-білім мен руханияттың заңғар биігіне көтерілген іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау мақсатында өткізілді.

"Конференция тақырыбы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған тарихи сананы қалыптастыру идеясымен ұштасып жатыр. Ал конференцияға ғалымдарымыздың, зерттеушілеріміз бен ізденушілердің қызығушылығы өте жоғары болды. Соның нәтижесінде 150-ге жуық ғылыми мақала келіп түсті. Оның оннан астамы алыс-жақын шетелдердегі ғалымдардан келсе, қалғандары отандық ғалымдардың еңбектері" - дейді Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Жәкен Таймағамбетов.

Аталған конференция аясында Ұлттық музей кітапханасының ұйымдастырумен Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен Алаш қозғалысын зерттеп жүрген ғалымдардың шығармашылығы топтастырылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Ұлттық музейдің экспозициялық бөлімі мен Президент мұрағаты Алаш қайраткерлеріне қатысты құнды жәдігерлер мен мұрағат құжаттарының көрмесін өткізді.

Конференция жұмысына алаштанушы отандық ғалымдар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалым-тарихшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студент жастар қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылды.

Конференция барысында белгілі тарихшы, саясаттанушы, "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали алаш тарихын зерттеуге қатысты олқы тұстарға тоқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер