BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жыр атасы – Қабан жырау» атты I республикалық жыршылар байқауы 

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-5 сәуір аралығында елордада Қабылиса атындағы «Жыр атасы – Қабан жырау» атты I республикалық жыршылар байқауы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлы дала төсінде Қабылиса сынды адуынды жыр атасы өткен. Ол әрі ақын, әрі әулие, әрі жырау болған. Алып өнер иесі небәрі он бес жасында ақындығымен елге танылып, айтыс аламанына түскен. Қабылиса бабамызды Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы қатарлы сүбелі сөздің тереңіне, жақұт жырдың тұңғиығына бойлаған ақындар қауымы, ұстаз тұтқан» - дейді ұйымдастырушылар.

Қабылиса (Қабан) жыраудың артында «Азырақ сөз сөйлейін, ауызға алып», «Бәріңдағы тыңдаңдар», «Ай мұсылмандар жараңдар», «Ырыс алды ынтымақ», «Ойлап тұрсақ жігіттер» т. б. жыры қалған. Әйгілі жыраудың жырларын жылдар жырлайды... Тарих толғайды... Уақыт ұмытпайды... Төл өнеріміздің тамырынан қуат алып қастерлеген бабамыздың бай мұрасын насихаттау – аманат.

Осыған орай ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-5 сәуір аралығында Астанада Қабылиса атындағы «Жыр атасы – Қабан жырау» атты I Республикалық жыршылар байқауы өтті.

Оның негізгі мақсаты да сол - ұлттық өнеріміздің ұлы жыршысын ұлықтау, қазақ жыршыларының мәртебесін арттыру.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

I айналым, 2 сәуір сағат 11.00

II айналым 3 сәуір сағат 11.00,

III айналым 4 сәуір сағат 11.00.

Сондай-ақ, 5 сәуірде сағат 17.00-де БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілмек. Артынша дәл осы күні сағат 19.00-де Гала-концерт өтеді. Өтетін орны: «Астана» концерт залы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер