BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еңбекшіқазақ ауданында Жамбылдың ескерткіші ашылды

Жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы жастар саябағында ашылды. Бюст «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде меценат қаржысына жасалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шара әнші Қайрат Бектұрсынның орындауындағы Жамбылдың «Ақындарға арнау» атты термесімен ашылды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», - деген еді. Осы бағдарлама аясында қолға алынған игі істердің бірі бүгінгі шара деп біліңіздер. Ескерткіш - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Ендеше сол ескерткіші қойылған тұлғаның өзі халықтың мұрасына айналды деген сөз. Осындай игі шараны қолға алып, белсенділік танытып, жеке қаражатын бөліп отырған жергілікті азаматтарға көпшіліктің атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Шараға қатысқан Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин құттықтау сөз сөйлеп, жас ақын Жамбыл Дүйсенов жырауға арнаған өз өлеңін оқыды. Ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылды.

Жалпы, ескерткіш бюст меценаттардың 4,6 млн. теңге қаржысына жасалған. Ескерткіш авторы – Нұрғалым Исабаев. Бюст қоладан құйылып, тұғыры мәрмәрдан орнатылған, биіктігі 5 метр. Ауласы абаттандырылып, Тянь-шань шыршалары отырғызылып, гүлзар жасалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер