BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін – Есенқұл Жақыпбектің туған күні

Ақын Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында қызмет етті. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистка факультетінін бітірген.

Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өнер мектебінде айтыс ақындарына дәріс берді. Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесі поэзия секторының меңгерушісі болып, жауапты жұмыстарды атқарды.
Соңғы жылдары Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.

«Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеумыз», «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай!», «Жан қисса», «Бұл жазда өтер», «Тау басында кәрі қар», «Сарғайған сары терезе» атты кітаптары жарық көрген.

Есенқұл Жақыпбек телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанған болатын. Айтыс сахнасында 30 жылдай еңбек еткен. Халық арасында кең таралған ән-термелердің авторы.

Халқының ықыласына бөленіп, жұрт ауызынан тастамай біраз әндердің сөзін жазған, айтулы ақын 2013 жылы 14 қарашада дүниеден озды.

Видео: NBmedia


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер