BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әсет ақынның Қытайда Алаш зиялыларымен бірге түскен суреті тұңғыш рет көрмеге қойылды

Семейдегі Абай музейінде Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған «Алашқа атым шыққан Әсет ақын» атты көрме ашылды. Көрмеге бұған дейін жұртшылық назарына ұсынылмаған тың деректерге толы жәдігерлер қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аталған музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған ақын жайлы көрмеге естеліктер мен қолжазбалар, фотосуреттер қойылды. Оның ішінде 1991 жылы Абай музейінің қорына түскен Абылай Түгелбаевтың жазбалары, ақын мұрасын бізге жеткізген басқа да жинаушылардың естеліктері және Әсет ақынның қандай адам болғаны, мінезінің қыр-сырын баяндайтын материалдар бар.

Көрме экспозициясында ерекше орын алатын және ақын бейнесін көрсететін жәдігердің бірі – Әсет ақынның 1918 жылы Шығыс Түркістанда (Қазіргі Қытай) Шәуешек қаласында түскен фотосуреті. Алаш зиялыларымен түскен бұл фотосуретте «Елу жас – екі жастың тап ортасы» деген 51 жастағы Әсет ақын зиялы қауымнан жеке, шетте отыр. Ортада Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов және Райымжан Марсеков бар.

Әсет ақын ұлы Абай Құнанбайұлының талантты да дарынды шәкірттерінің бірі. Көрмеде «Абай және Әсет», «Әсеттің қисса-дастандары», «Әсет – айтыс ақыны», «Әсет өлеңдері», «Әсет – әнші-сазгер», «Ақын ұрпақтары» сияқты тақырыптар да қамтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер