BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жас мерген - 2016

Таяуда Қызылорда қаласында қырағы көз жас мергендер сайысты. Жарысқа 5 үздік команда қатысты. Әскери бағыттағы сайыста командалар противогаз киюден, Калашников автоматын уақытқа шашып жинау және көзден атудан сайысты. Жастардың ептілігін тексеруге бағыт- талған жарыстың қорытындысында Калашников автоматын жинап-құрастыру сынында Нурбол Конысбеков І орын, Ринат Ондасын ІІ орын, Нартай Нуралы ІІІ орын иеленді. Ал, противогаз кию сайысында Шиелі командасы алға басып, І орынды қанжығасына байлады. ІІ орынды Жалағаш ауданы командасы, ІІІ орын Жаңақорған командасына бұйырды. Сондай-ақ, бәсекеде жас мергендер анықталды. Қармақшылық Наурызбек Ерлібес үздік мерген атанды. Әскери бағыттағы сайыста дараланған жеңімпаздар марапатталды.

«Ұстаз-ақпарат»


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер