BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жарыстар жарқылы

Фото: Троицк Спорт

Ел Тәуелсіздітіиң 25 жылдығына орай волейболдан ерлер арасында аудан чемпионаты жалауын көтерді. Ауыл окруттары мен жекелетен мекемелердің намысын жыртқан 10 команда екі топқа бөлініп, бір айналым ережесі бойынша өткен кездесулер жартылай финалға шыққан құрамаларды анықтады. Ойындар М.Горький мен Б.Римова атындағы оқу орындарының спорт залдарында өтті. Аса тартысты өткен бәсекелерде ақтық сайысқа шығуға бәрі де үмітті болды, бірақ бабы келіскен командалар ғана топтан суырылып шықты. Олардың қатарынан «Қаратал» АҚ мен «Білім бөлімі» және Кәлпе мен Тастөбе ауылдарының командалары көрінді. Енді олар 26 - қарашада өзара текетіреске түсіп, жеңімпаз бен жүлдетерлерді анықтайды.

Ал, қазақ мәдениетінің бесіті саналатын Семей қаласында дзюдо күресінен, сол өңірдің айтулы азаматы М.Шегеевті еске түсіруте арналған Республикалық турнир мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 құраманың сапында 350 палуан татамите шығып бақтарын сынады. 70 келіден жоғары салмақта белдесуте түскен қараталдық Т.Бөкенбаева сәтті өнер көрсетіп, соңғы шешуші айқастарға алқынбай жетті. Іріктеу кезеңінде еш сүрінбей қарсылас біткеннің жауырынын жерте титізтен Толғанай, тек финалға шығар кезде мүлт кетті. 3-ші орын үшін болған белдесуде ол теріскейден келтен бойжеткеннің мысын басып, қола жүлде иетері атанды. Атақты жазушы Ш.Айтматовтың «Жер ана» шығармасының бас кейіпкері абзал ана Толғанай есімімен аталған бетке ұстар қызымыз, ендіті Қазақстан чемпионатында өзінің мықтылығын дәлелдеуте тырысады.

Жексенбек СҰЛТАНБЕКОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер