BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Қобда қазақ орта мектебінің спорт залында тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған мемлекеттік мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті.Волейбол спорттың командалық түрі. Жарысқа аудан әкімдігі, Қобда қазақ орта мектебі, Қобда орта мектебі, Қобда гимназиясы, ҚБЖСМ, аудандық орталық аурухана мем- лекеттік қызметшілерден құрылған командалары қатысты. Жарыстың бас төрешісі Қобда қазақ орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімі Ержан Орынбасар жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, әділ қазылығын жасады. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберлікте көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мемлекеттік қызметшілер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Қобда қазақ орта мектебінің командасы 1- орынды иеленді. Орталық аурухана командасы 2-орынды алса, аудан әкімдігінің командасы 3-орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Анаргүл АЙТҚАЛИҚЫЗЫ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер