BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Волейбол және гандболдан күш сынасты

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен оқушы қыздар арасында спорттық жарыстар өткізілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада спортшы қыздар волейбол және гандбол ойындары бойынша күш сынасты. 8 команда қатысқан волейбол жарысы аса тартыстылығымен есте қалды. ПІ.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің командасы I орынды айқын басымдықпен жеңіп алса, ақтық сында қарсыласына жол бергш М.Әүезов атындағы жалпы орта мектептің командасы II орынды еншіледі. Ад №1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы III орынға табан тіреді. 6 команда болып ойнаған гандболшы қыздар да жарыстың көрігін қыздырды. Бұл жолы I орынды М.Әүезов атындағы жалпы орта мектептің командасы талассыз ұтып алды. Екінші орынды №1 аудандық балалар мш жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, үшінші орынды Құрманғазы атындағы жалпы орта мектептің командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаз командаларға сый-сияпаттар тарту етілді.

Еркебұлан АИДАРОВ - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер