BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Спорттағы үздік жетістік

-Сөздің басын өзіңіздің дүниеге келген, туып өскен жеріңізден бастасақ?

-Мен, 1995 жылы қарашаның 25- інде Ақмола облысы Аршалы ауданында дүниеге келгенмін. Мектеп табалдырығын аттағанша осы ауылда болдым. 1-5 бастауыш сыныпқа шейін Тельман ауылындағы Қутұмсық бөлімшесінде білім алдым. 6- сыныптан бастап Қарағайлы ауылына келіп оқыдым.

-Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз! Сізден басқа спорт саласында жүргендер бар ма?

-Біз отбасымызда 4 баламыз. Əке шешем ауылда мал шаруашылығымен айналысады. Үлкен ағам Серік осы спорт саласында жүр. Аға ініге қамқор дегендей менің жетістікке жетіп, биікке көтерілуіме ағам да атсалысып, көп көмегін тигізді. Отбасым да əрдайым мені қолдап, демеп отырады.

-Спорт саласына келуге себепші болған кім?

-Кішкентайымнан күреске деген құштарлығым басым болды. Ауылдың баласы болғандықтан до- старымызбен алысып, күресіп жүріп біраз шындалдым. Негізі мені спортқа əкелген алғашқы бапкерім Сейтқалиев Айдос ағайым. Осы орайда ол кісіге рахметімді де айта кеткім келіп отыр.

-Сіздің, Əлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінде оқығаныңыз туралы білеміз. Сол туралы айта кетсеңіз!

-Иə, мен Қарағанды қаласындағы Əлия Молдағұлова атындағы дарынды балаларга арналған спорт мектебінде 4- жылдай оқып, біраз жетістіктерге қол жеткіздім десем де болады. Сол жетістіктерімнің бірі дзюдадан Халықаралық деңгейдегі жарыста жеңімпаз болғаным.

-Қазіргі таңда біліміңізді жалғастырып жатырсыз ба? Əлде тек қазақша күреспен айналысып жүрсіз бе?

-Жоқ, қазір де мен Қарағанды қаласындағы Е.Букетов атындағы ҚарМУ-де дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Өз басым спортқа да білім керек деп ойлаймын. -Жаттықтырушыңыз кім? Қазір қандай жарыстарға дайындалып жүрсіз?

-Менің бапкерім екеу. Ауданда Сейтқалиев Айдос, ал облыста Ахметпеков Мақсат ағайымыз. Ол кісі мені 4 жылдай жаттықтырды. Қазір Еуразия барысын жаттықтырушылардың қарамағында Тараз қаласында жаттығу үстіндемін.

-Соңғы рет қандай турнирге қатыстыңыз? Жəне қандай орын иелендіңіз? Қай салмақта?

-Шымқент қаласында өткен Қажымұқан атамыз атынан өткізілген турнирде 60 кг салмақта 1 орынды иелендім.

-Болашақта қандай жоспарыңыз бар?

-Қазақша күресін дамытып, шетелдерде елімнің көк байрағын желбірет- сем деген ойдамын. Болашаққа жоспарым көп. Тек оны жүзеге асыруды нəсіп етсін дейік. -Арман мақсатыңыз орында- луына шын жүректен тілектеспіз! Сөз соңында,Тұңғыш Президенті күніне өз пікіріңізді айта кетсеңіз!

-Осындай жетістікке жетіп отырғаным ата анамның, халқымның қолдауы, Елбасы Н. Назарбаев атамыздың жарқын саясатының арқасы деп білемін. Спорт тілімен айтқанда тəуелсіздік – ол қазақша күрес сияқты. Əрқашан еркіндікті, бостандықты қажет етеді. Соңдықтан қазақ деген өршіл, намысшыл халық. Мереке күні құтты болсын ағайын!

-Уақытыңызды бөліп, бізге сұхбат бергеніңізге рахмет. Өмірде де, Спортта да əрдайым биік тұғырдан көріне беріңіз!

Сұхбаттасқан: Рамзия Айман


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер