BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШАРДАРАЛЫҚТАР ӘЛЕМДI МОЙЫНДАТТЫ!

Бұдан бұрын хабарлағаны-мыздай, қараша айының 19-20 жұлдыздарында Польшаның Румия қаласында армрестлинг-тен кәсiпқойлар арасында әлем кубогы болып өттi. Арнайы шақырумен және қомақты қаржылай сыйақысымен өтетiн сайысқа қол күрес әлемiнiң ең мықтылары қатысқан болатын. Осынау дүбiрлi сайысқа жерлестерiмiз де қатысып, ел намысын абыроймен қорғап келдi.

Аттары әлемге танылып үлгерген Шардара қол күресi мектебiнiң спортшылары бұл сайысқа 8 спортшысын жiбердi. Балуандарымыз нағыз бабында екенiн бұл жолы да дәлелдеп бердi.

Аса тартысты өткен жарыста шардаралықтар 3 алтын, 3 қола медальға қол жеткiздi.

Командалық жалпы есепте де Қазақстан Республикасының құрамасы I орын иемденсе, II орынды Украина құрамасы, III орынды Америка Құрама Штаттары құрамасы иемдендi. Ендi жеңiске жеткен шардаралық спортшылардың нәтижесiмен таныстырсақ. 63 келiде сынға түскен Талғатбек Рүстембек, 78 келiде сынға түскен Мағжан Шәмиев, 86 келiде сынға түскен Нұрдәулет Сәдуақасов сынды спортшылар I орынды жеңiп алып, жеңiс тұғырына көтерiлдi. Ал 70 келiдегi Ержан Әбiлда, 78 келiдегi Шынболат Райханов, 105 келiдегi Медет Құттымұратовтар III орынды еншiледi.

Жылды жақсы бастаған жерлестерiмiз осылайша жемiстi қорытындылап жатыр. Бiлектi де жүректi спортшыларымызды кезектi жеңiстерiмен құттықтай отырып, алдағы 2017 жылда бұдан да үлкен жетiстiктерге жете берулерiне тiлек бiлдiремiз.

Еркебұлан АЙДАРОВ,

аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң әдiскерi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер