BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шәміл – ЧЕМПИОН!

Киелі жер - Соналыдай қазақ ауылынан сан алуан таланттар шыққан. Бүгінде ата-бабаларының жолын жалғап, өсіп келе жатқан жас буындардың бірі - Шәміл Қапышев. Оның есімі де ерекше екен. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың досымен аттас...

Бұл да тегіннен-тегін қойылмағандықтың бір белгісі, әрине! Шәміл - Соналы орта мектебінің 10-сыныбын- да оқиды. Жастайынан спортқа жақын. 9-сыныптан бастап қазақ күресімен айналысып келеді. Оның жаттықтырушысы, жас маман Айдын Жалкенов. -Мектепте 2 жылдан бері қазақ күресінен үйірме жұмыс істейді. Барлығы - 12 бала. Бүгінде олар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, топ жарып жүр. Солардың ішінде Шәміл деген оқушым шаршы топта өз қарсыластарынан оза шауып, көзге көрініп жүр. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшы десем артық айтқандық болмас, - дейді ол өз сөзінде.

Әрине, айтса айтқандай- ақ, соналылық спортшы Шәміл Қапышев жақында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Жас барыс» облыстық іріктеу кезең жарысында жүлдемен оралды. 1999-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында 81 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған Шәміл Қапышев 1-орынды жеңіп алды. Әрине, бұл ол үшін үлкен жетістік. Оның жеңісі – жаттықтырушысы, Соналы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Айдын Жалкеновтың жігерлі еңбегінің жемісі. Айта кеткен жөн, соналылық жас палуан енді жуық арада өтетін «Жас барыс» республикалық турниріне Қостанай облысының құрама командасының атынан қатысып, ауыл, аудан, облыс намысын қорғайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер