BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Салауатты өмір салтымыз

Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің спорт залында оқушылар және округ жастары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шағын футболдан жарыс өткізілді. Турнирге4 команда Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің, Башкөл орта мектебінің, Березовка орта мектебінің және "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай филиалының командалары қатысты. Жарысты ұйыдастырудың негізгі мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру, шағын футболды насихаттау, салауатты өмір салты мен спорт шеберлігін арттыру болды. Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің командасы, жаттықтырушысы - М.Қалдаманов, екінші орынды Башкөл орта мектебінің командасы, жаттықтырушысы - Б.Мукарамов, үшінші орынды Березовка және "Семей орманы" МОТР РММ Бөкебай филиалының командалары жеңіп алды. Жеңімпаз командалар Баскөл ауылдық округі әкімінің атынан мақтау қағаздарымен, медальдармен, ескерткіш кубоктармен марапатталды. Турнирді өткізуге Н.Баймұратов атын- дағы орта мектебінің түлегі, кәсіпкер Д.Токоманов демеушілік көмек көрсетті.

Л. ШӘРІПҚАНОВА, Баскөл ауылдық округінің бас маманы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер