BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Левитке табысталған медальдың 25 микрон алтыны бар

Ресей Федерациясының армия, авиация мен флотқа жәрдемдесудің ерікті қоғамы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левитке «Еңбегі үшін» I дәрежелі орден мен КСРО-ның үш дүркін батыры Александр Покрышкиннің медалін берді. Аталған наградалар мен алтын медаль В.Левитке Қостанай қаласының Достық үйінде өткен шара барысында табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алтын медаль арнайы Василий Левит үшін құйылған. Медальдың Рио Олимпиадасының медальдарынан еш айырмашылығы жоқ. Керісінше, артықшылығы бар, олимпиада медальдарында 6 микрон болса, Левитке табысталған медальдың 25 микрон алтыны бар. «Біз үшін Василий Левит — Олимпиада чемпионы!», — дейді қостанайлықтар. Кездесуге Василий Левиттің алғашқы бапкерлері — Асылхан Бусурманов пен Марат Тапенов те келген. Олар 10 жасар жеткіншекті тәрбиелеп, спорт шебері деңгейіне жеткізгеннен кейін Астана қаласына жіберген. 12 жыл бойы Василий «Сұлтан» атты спорт клубында жаттығып, өз шеберлігін шыңдады. Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық боксшы, Қостанай облысының Федоров аулының тумасы Василий Левит финалға дейін жетіп, ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен болатын. Василий Левит соққылардың саны жағынан ұтып тұрса да, төрешілер өз шешімін Евгений Тищеноконың пайдасына шығарды. Жеңіс ресейлік боксшыға берілгенде, залдағы көрермен наразылығын білдірген болатын. Марапаттау салтанатында да Евгений Тищенко мінберге көтерілгенде халық гуілдеп, чемпионды мойындамайтындарын білдірген еді.

www.kostanaytany.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 20:24
Әр нотада шабыт бар
Пікірлер