BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Футболдан ауыспалы кубок

Фото: Анатолий Шарий

Дене тəрбиесі жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастар- да өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген. Ол дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді. «Спорт – бала қылмысы мен есірткіге қарсы» ұранымен оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау, дене шы- нықтыру мен спортты дамыту мен жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын спорт арқылы мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Май ауданында 2003 жылы туғандар арасында шағын футболдан ашық біріншілігі өткізілді. Жарыстың басты жүлдесі – Май ауданы прокуратурасының ауыспалы кубогі. Сайысқа Майқайың кенті, Ертіс жəне Май аудандары, Қаратерек, Кеңтүбек, Курчатов ауылдарынан 80 спортшы қатысты. Аталған командалар арасында жүйріктік танытып Майқа- йың кентінің футболшылары кубок иегері атанды. ІІ орынды Курчатов командасы алып, ІІІ орынға Май ауданы орналасты.

Аудандық дене тəрбиесі жəне спорт бөлімі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер