BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біздің мемлекеттік қызметкерлер футболдан жеңімпаз

2016 жылдың 23-26 қарашасы аралығында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен шұғылда нуға тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 5 спорт түрінен, яғни волейбол, тоғызқұмалақ, шағын футбол, үстел теннисі, шахматтан өткен спартакиадаға 14 құрама қатысты. Қобда ауданы бұл додада 3-орынды жеңіп алды. Спартакиада қорытын- дысы бойынша үстел теннисінен әйелдер арасында

Бұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Айнұр Мырзагулова 3-орынды, шахматтан ерлер жарысынан аудандық кірістер басқармасының бөлім басшысы Дастан Байменов 1-орынды иеленді. Волейболдан командамыз 3- орынды қанағат тұтса, ал шағын футболдан 1-орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ақтөбе қаласын әкімінің аппараты, екінші орынды Темір ауданының әкімдігі, ал үшінші орынды жоғары жауынгерлік рух пен техникалық ойын көрсеткен Қобда ауданы әкімдігінің құрамасы ие болды. Жеңімпаздар және жүлдегерлерге грамоталар және медальдар табыс етілді.

Анаргүл АЙТҚАЛИҚЫЗЫ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер