BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баскетболдан бақ сыналды

Үстіміздегі жылдың өткен аптасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Көкжазық ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл жастарының белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым- қатынасты нығайту,спортпен айналысуға ықпал ету мақсатында ауыл әкімінің кубогы үшін Балпық би атындағы орта мектепте баскетболдан жарыс өтті. Додаға Қайнарлы, Қаратал, Қарабұлақ, Текелі және Көкжазық ауылдарының командалары қатысты. Бір-біріне дес бермей, өзара сынға түскен командаларың ішінен суырылып, оза шапқан Балпық би атындағы орта мектептің командасы I орынды, Көкжазық жастары II орынды иеленсе, Студент құрама командасы III орынды еншілеп, арнайы Мақтау грамоталарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, Сайлаубек Баланұр үздік шабуылдаушы болып танылды.

Б. ӘДІЛХАН, Көкжэзық ауылдық округі әкімдігі жастар саясатының әдіскер-нұсқаушысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер