BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтыннан алқа тақты

Таяуда Сарысу ауданы Жайылма ауылында қазақ күресінен 2003- 2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Сарысу ауданының Құрметті азаматы, соғыс жəне еңбек ардагері Ақпан Игембаевтың жүлдесі үшін болған ІІ облыстық турнир аяқталды. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Сарысу ауданы əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт бөлімі ұйымдастырған турнирге 200-ге жуық жасөспірім қатысып, жеті салмақ дəрежесі бойынша сынға түсті.

Бəсекеде біздің ауданның балуандары да бақтарын сынады. Балғын балуандар арасынан бір жеткіншегіміз жүлдемен оралды. Нақтырақ айтатын болсақ, Б.Кейкиев атындағы орта мектептің оқушысы Дидар Қырғызəлі (жаттықтырушысы Батырхан Əбдіқұлов) 26 келі салмақ дəрежесінде күресіп, бозкілем үстінде өткізген кездесулерінің барлығында жеңіске жетті. Осылайша Дидар алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырының жоғары сатысына табан тіреді. Жеңімпаз жеткіншегіміздің алар асуы, бағындырар биігі əлі де алда екендігіне сеніміміз мол.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер