BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбе қаласында өткен республикалық турнирден жүлдемен оралды

Бақытжан Әл-Хорезми Қанатұлы 2006 жылы туған, Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің 5-ші сынып оқушысы.

Әл-Хорезми кішкентайынан грек-рим күресімен айналысады. Әкесі–Қанат Жетесов №17 Олимпиадалық резервін даярлайтын мамандандырылған спорт мектебінде грек-рим күресінің жаттықтырушысы болып жұмыс істейді.

Қанат та бала кезінен грек-рим күресімен айналысып, талай жүлделерді алған. КСРО спорт шеберлігіне кандидат.

Әл-Хорезми де әкесінің жолын қуып, Қазақстанның қалаларында өткен республикалық, облыстық біріншіліктерге, турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Биыл Шалқар қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай КСРО спорт шебері, ҚР Құрметті спорт қайраткері Мұрат Есенжоловты және ұлағатты ұстаз, аға жаттықтырушы Мәулен Көпесовты еске алуға арналған 2001-2002, 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнирде 26 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды жеңіп алды.

Бақытжан Әл-Хорезми ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойына орай грек-рим күресінен 2004-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ауған соғысы ардагерлерінің «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубының жүлдесі үшін дәстүрлі ХІ республикалық турниріне қатысып, 2-ші орын алып, дипломмен және арнайы медальмен марапатталды.

Осы турнирде Әл-Хорезмиге «ҚР спорт шеберлігіне үміткер» дәрежесі берілу керек еді, алайда оның жасы жетпегендіктен І-ші разряд дәрежесі берілді.

Жақында ғана Қазалы ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншілікте 29 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-ші орынды иеленіп, аудан намысын қорғады.

–Бақытжан Әл-Хорезми болашағынан зор үміт күттіретін спортшымыз. Ол әлі талай жарыстарда ауданның, облыстың, республиканың намысын қорғайтынына сеніміз мол.–дейді №17 Олимпиадалық резервін даярлайтын спорт мектебінің директоры Қуанған Суханұлы Бәкен.

Біз де Бақытжан Әл-Хорезми Қанатұлына спортта жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Ғ.ӘЛ-ҚАЗАЛИ.

«Тұран-Қазалы».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер