BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жетісайды тастап қайда барамыз?

Фото: Wikimapia

Қарап отырсақ, бүгінде Жетісай қаласында сатылатын үйлер көп. Бір кешенің бойынан үш-төртеуін, тіпті қатар тұрған саудадағы үйлерді де жиі кездесгіруге болады. Жақында «Оңтүстік Қазақстан» газегінің №176 санында жарияланған «Жетісай-жастар қаласы» атты мақалада аудан әкімі Ғ. Исмаилов Жетісай қаласында 200-ге жуық үй сатылымда тұр дейді. Мақалада аудан басшысы жер жәннаты Жетісайды тастап, ел-жұрт қайда бармақ, мүндай қадамға баруында қандай кілтипан бар деп ой толғайды. Расында да, бұл мәселе бізді де елеңдетті.

Қарап отырсақ, интернеттегі «ОLХ.кz» сайтынан да Жетісайдағы сатылымда тұрған зәулім ұйлерді көптеп кездестіре аласың. Осылайша құт қонысын пұлдағысы келетіндерден мұндай шешімінің мәнісін сұрастырғанымызда түрлі уәждер естідік. Мәселен, бір үй иесі «Жұмыс бабымен Астанаға көшіп кеттік. Қазір ол үйде ешкім де тұрмайды» десе, ендігісі Жетісайдың ылғалды ауа-райы жақпай жер ауыстырмақ. Тіпті, кейбіреулері қаланың тыныс-тіршілігі жақпай, ауылға, ағайын-туыстарына барсақ дейді. Дегенмен, қоныс аударушылар арасында алғашында қалаға жұмыс іздеп кетіп, табысы мол жұмыс тапқан соң үй- жайын да сонда ауыстырғысы келетіндер көп болып шықты. Бұл жерде еліміздің ең жылы, табиғи витаминді көкөністерге бай берекелі өңірді тастап, бәрі бірдей жұмыс іздеп, қала кезіп кетті деуге де келмес. Көшпенділер арасынан әу бастан-ақ тұрмыс-жағдайын дұрыстап алған «байекеңдер» имиджін өзгертіп, үлкен қаланың да қызығын көрсем дейтіндері табылады. Әрине, көшіп-қонып жүрген жандарға мұның не дегеніміз де орынсыз. Әркімнің де өз қалауы бар, оған таласымыз жоқ. Бәрібір, ел-жұрт жұмыс іздеп үлкен қалаға арқардай ауғанша, жұмақтың төріндей Жетісайға өндіріс орындарын көбейтіп салып, жұмыс күшін өзімізде қалдырайық деген сұрақ әлі күнге шикі күйінде. Сонымен, сатылымдағы баспаналардың бағасына да көз жүгіртсек.

Бүгінде теңгенің құнсызданғаны соншалық тұрғын үй бағалары мыңдарды тарихтың еншісіне қалдырып, миллиондарды құрыққа іліндіргелі қашан. Жақында осы тақырыпқа зерттеу жасаған біз қаланы аралап, сатылымдағы үйлердің бағасын да салыстырып көрдік. Алдымен сонау ата-бабаларымыздың көзін көрген, кірпіші қаланғанына 50-60 жыл болған үйлерден бастасақ 4 миллионыңыз болмаса тек «Үй сатылады» деген жазуды оқып кете беруіңізге болады. Әрине, баға келісім бойынша. Дегенмен, төрт миллионды шіреніп айтқан ауыз, бірден бағаны милиондап түсіре алмасы белгілі. Тіпті, «Үйіңіз ескі ғой, қымбат бағалап жатқан жоқсыз ба?» деп қалтаңызға қарай орайластырғыңыз келгенімен, сатушының да жауабы дайын: «Үй ескі болғанымен, кірпіштері мықты, бұрынғының піскен қыштары. Жуық арада құламайды» деп айтқан бағасын одан әрі пысықтай түседі. Ал, ескі үйді қомсынып, ақыры күнде үй іздемеймін ғой, алған соң жаңа баспанапы болсам деген ниетіңіз болса, қалтаңызды одан әрі томпайтуға тура келеді. Мәселен, қарапайым ғана үлгіде салынған 4-5 бөлмеден тұратын жаңа үйлер есік алдында азын-аулақ бау-бақшаға арналған жері бар, моншасы, гаражымен қоса 9 миллионнан жоғары бағапануда. Тіпті, 25 «лимон» тұратын үйдің сәулеті мен жайлылығын көріп, «Ойпырмай, мынадай үйді көзі қиып, қайда көшіп барады екен?» деп те таңдандық.

Қарап отырсақ, қазіргідей қымбатшылық заманда жоғарыда аталған миллиондар мөлшері озбырлыққа да жатпас. Үйін сатып көшкен жандар барған жерінен баспана алуды да көздейді. Бірақ, тапқанын буып-түйіп, дайын үй алсам деп, құлшыныс танытып отырғандар қаншалықты көп? Ол жағын кейбір сатылымдағы шаңырақтың шарбақтарына ілінген «Үй сатылады» деп жазған жазуының ескіргенінен-ақ байқауға болар. Тіпті, қаңылтыры қарайып, телефон нөмірі өшіп кеткен. Мұндайды да аз кездестірген жоқпыз. Қазір көпшілік, лажы болса жер алып, шама-шарқынша үй салып алсам дейді. Бірақ, газетіміздің өткен нөмірінде (№47, 14 қазан, 2016 жыл «Үй салуға учаске жоқ». Б. Тәңірбергенова) жазғанымыздай бүгінде үй салу үшін учаске халық өсімі жоғары болғандықтан жекеменшікке берілмейді. Ал, қалада участок сатамын дегендердің де миллионнан төмен түсуі неғайбыл. Бір қызығы, үй кезегіне кез-келген үйсіз-күйсіз жүрген жандар тұра алмайды. Ол үшін ҰОС ардагері немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қапған жетім болуың керек. Олай болмаған жағдайда тұрмыс жағдайың әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіресің, әйтпесе мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметші болуың шарт.

Иә, екі қолға бір күрек деп, денінің саулығы мен бапапарының амандығын үлкен баға жетпес байлыққа теңеп жүрген қайран, қарапайым қара шаруалар үйдің кезегіне де тұра алмайды, үйді сатып та ала алмайды. Бірде жиын-терім науқанда ауылға келіп мақта теріп жүрген жетісайлық бір келіншекпен сырлас болған едік. Ол әңгіме барысында ішкі уайым-мұңымен бөлісіп, он үш жылдан бері пәтер жалдап тұрып жатқаны жөнінде айтып берді. - Тұрмыс құрғаныма 15 жылдың жүзі болды. Бүгінде асықтай-асықтай үш ұлым бар. Үлкені он үште. Жолдасым көлік жөндеуші. Ішімдікке әуес, бірде үйге азық- түлік әкелсе, кейде тапқаны арағынан артылмайды. Жолдасым 8 баланың бірі. Отау тіккенімізге 2 жыл болғанда ата-енем өз күндеріңді өздерің көріңдер деп, бөлек шығарды. Дайын үй болмағандықтан, пәтер жалдап тұрдық. Сол пәтер жалдап, бір жерден екінші жерге көшу он үш жылдан бері біз үшін үрдіске айналды. Балаларым да мектептен мектепке ауысып, төзімдері таусылатын болды. Өзім міне, науқанда мақта теремін, реті келіп жатса, тойханаларда ыдыс-аяқ жуамын. Шіркін, шағын ғана болса да өз үйім болса ғой деген мақсат біз үшін ешқашан орындапмас сағым армандай. Ендігі үміт балаларымда. Ұлдарым есейіп, жұмыс істеп үй апмасақ, қазірге мұның орайы келмей тұр,- деген еді әлгі келіншек ыстық-суыққа қармалған жүдеу жүзі күрең тартып. Міне, мұндай жағдай тек біздің кейіпкеріміздің басында ғана деп ешкім де кепіл бола апмас. Рас, кәсібін дөңгелетіп, табысқа кенеліп жатқан жандар да баршылық. Бірақ, олар біреудің ескі үйін қайтпек. Қолынан келіп тұрғанда қонышынан басып, даңғарадай үй салып алуды жөн санайды. Ал, біз көрген бағасы удай қымбат ескі үйге көз тіккен қарапайым жандар, көз майын тауысып, армандар жетегінде жүруге мәжбүр. Әттең дегізген бұл мәселенің шешімі табылатын кұнге қашан жетер екенбіз?..

Э. ӨСЕРБЕКОВА.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
01 Қараша 2018, 17:24
Алтын алар балуан қайда?
Пікірлер