BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бас прокурор үндеуі азғындарды азайтады ма?

Фото: bloknot.ru

Қоғамды аздыратын басқа кеселдерді тезге сала алмай, қара терге түсіп жатқанда елімізде педофилдер саны артты. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын кәмелеттік жасқа толмаған 100-ге жуық бала зорлық-зомбылыққа тап болатын көрінеді. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың саны 2011 жылы -148, 2012 жылы - 236 болса, 2013 жылдың алғашқы 5 айында 184-ке жеткен. Бас прокурор Ж.Асановтың айтуынша биылғы жылы 183 бала азғындардың құрбаны болған. Қылмыскерлердің барлығы дерлік айғақты заттар табылғанына, қылмысы дәлелденгеніне қарамастан, өздерінің сүттен ақ, судан таза екенін айтып шырылдайды. Араларында бар кінәні «шайтанның суына» аударуға тырысатындары да көп. Өйткені темір тордың арғы жағына барғаннан кейін 122-баппен айыпталғандардың басым бөлігінің күні қараң. Тіпті, о дүниенің есігін мерзімінен бурын ашатындары да табылады. «Оларға қатаң жаза қолдану керек» деп жүріп ақыры химиялық кастрацияны таңдадық. Оның өзі Бас прокурордың Қазақстан халқына үндеуінде «Химиялық кастрация 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылмақ» делінген...

Қатаң жаза демекші, көрші қытайлар елінде балаларды қорлап, зорлағандарды көпшіліктің алдына шығарады екен де, бірден жер тегістейтін трактормен үстінен жүріп өтеді екен. Ұзынқұлақ осылай дейді. Есесіне, кез келген қылмыскерге «түсіністікпен» қарайтын біздің Ата заңда педофилдерге қатысты баптар өзге елдермен салыстырғанда аса қатаң емес.

Ал Ресейде бұл бап барынша қатаң. Тіпті, өлім жазасы да қарастырылуда. 2012 жылы тамызда РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Франц Клинцевич педофилдерге, ірі жемқорларға, әскери қылмыс жасағандарға өлім жазасын қолдануды қайтадан заңдастыруға усыныс айтқан. Иран, Оңтүстік Корея, Ирак пен Сауд Арабиясында балаларды жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлегендер өлім жазасына кесіледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осындай айып тағылған екі ирандық - Мұхаммед Паштеризе мен А.Намаки көпшіліктің көзінше дарға асылды. Бесіктен белі шықпаған бейкүнә қыз баланы қалай зорлағанын бейнекамераға түсірген Паштеризенің жаны шықпай, қиналып жатқанда жиналған халық «Сотқа мың алғыс!» деп ұрандатты. Халықаралық ұйымдардың мәліметіне сүйенсек, 2011 жылы Иранда 145 адам өлім жазасына кесілсе, былтыр түрлі қылмыс бойынша ауыр жаза тағайындалғандар саны 179-ға жетіпті. Ал көршілес қырғыздар елінде 2013 жылдың наурызында педофилдерді химиялық жолмен «піштіруге» қатысты заң жобасын Жоғарғы Кенеш депутаттары алғашқы оқылымнан-ақ мақұлдады. Бұл жазаны қылмыскерлер түрмеден шығардан 6 ай бұрын алады екен. Медициналық анықтамаларға жүгінсек, мундай дәрі егілген, яғни, піштірілген еркектердің 97 пайызы ауыр қылмысқа қайта бармайтын көрінеді. Негізі балаларды бір емес, бірнеше рет зорлағандардың Қазақстанда да бар екенін ескерсек, қырғыз депутаттары көтерген мәселе біз үшін де өзекті әрі тиімді сияқты.

«Қазақстандағы педофилдер өлім жазасы қолданылмайтындықтан, есіріп кетті», - деген депутат Мухтар Алтынбаевты қоштайтындар саны әзірге аз. Өздерін «халықтық кек қайтарушылармыз» деп атап, педофилдерді тезге салуға қулшынғандар заң шеңберінен шыққанынан да хабардармыз. Мәселен, қылмыскерлермен өз бетінше күресуді сылтауратқан «Оккупай-педофиляй» қоғамдық қозғалысының белсендісі Роман Матвиенко «бопсалады» деген айыппен Алматыда қолға түсті. Қуқық қорғау органдарының қызмет- керлері Матвиенконың жалғыз еместігін, онымен бірге үш адамның тутқындалғанын айтады. Әлгі үшеудің бірі - әйел.

Сөйтсе, Интернет арқылы қызтекелерді алдап қолға түсіріп, оларды бейне- камера алдында қылмысын күштеп мойындатып, сосын олардан қорқыту арқылы ақша талап етіп отырған. «Әділеттілік жолында күрескіштерге» заң алдында жауап беруге тура келді. Мамандардың айтуынша, балаларды зорлауға отбасында беделі жоғары үлгілі әкелер мен жауапкершілігі жоғары лауазымдағылар да барады екен. Бірақ олардың 70 пайызына жуығы - бала күнінде біреулерден қорлық көргендер, яғни, педофилдердің қурбаны. Психологтар мундайлар негізінен өздерін қорсынатын, қорқақ әрі жалтақ болатынын айтады. Педофилия - медициналық турғыда қойылатын диагноз. Оны емдеуге болады. Бірақ аурудың келісімімен ғана. Өкініштісі, дерттен құлан- таза айығып кету күмәнді. Тіпті, «оларға химиялық жолмен піштіру де көмектеспеуі мүмкін» дейтін мамандар бар.

Мәселен, қатаң режимдегі колонияда 10 жыл бойы қызмет істеген психолог Галина Булавенко: «Піштіру туралы ұсыныс күлкілі сияқты. Бұл ауру адамды айықтыра алмайды. Өйткені эмоциялық ахуалмен бірге санадағы дертті де ескеру қажет. Бар қиындық - баста. Егер дөрекі түрде айтсақ, басты кесіп тастау керек». Оның бұл пікірін жақтаған әріптестері бар. Мәселен, Психоанализ институтының директоры Анна Қудиярова педофилдер өздерінің ауру екенін мойындап, өз еріктерімен емделуге тырысуы тиіс дейді. «Жастарға ерік берсеңіз, күмәнданғанның бәрін піштіруге кетары емес. Бірақ бұл біздегі заңға қайшы», - деген А.Құдиярова отбасындағы бала тәрбиесіне де баса назар аудару керектігін айтады. Ажырасу көбейіп, «азаматтық некенің» бағы үстем болып тұрған уақытта тәрбие туралы ойлаудың өзі аянышты. Филология ғылымының докторы, социолингвист Бақытжан Хасановтың осы «азаматтық неке» туралы айтқаны бар еді: - Азаматтық неке дегеніміз - адамдықтан кеткісі келген қоғамның көңілдестікті заңдастырып алған түрі. Ол азаматтарымызды, жастарымызды бүлдіріп, елімізді артқа сүйрейтін құбылыс. Сондықтан заңнамадағы мұндай келеңсіз бапты алып тастауды қолдар едім. Жалпы, бұл ұғымның атауы да дұрыс емес. Егер оны қазақтың жалпақ тіліне салсақ, бой суыту деп атар едік Біз «Батыстан үйрену керек» деген пікірді жиі айтамыз. Алайда солардың жақсы жақтарын емес, жаман жақтарын көшіріп алуға құмартып тұратынымызға таң қаламын. Азаматтық неке пайда болғаннан кейін байырғы қазақ ерекше назарда ұстаған жетім мен жесір мәселесі ушығады. Статистикаға салатын болсаң, азаматтық некеге тұрғандардың арасындағы ажырасу фактілері дәстүрлі некеден бірнеше есеге көп. Осы мысалдың өзі азаматтық некенің мемлекетке қалай әсер ететінін көрсетіп тұрған жоқ па? Азаматтық некедегі жастар еш уақытта отбасын құру деген мәселеге салмақты қарамайды. Адам табиғаты ер мен әйелдің жұптасуын қалайды.

Ал азаматтық неке осы дәстүрге қарсы шығып, түбінде адамдардың жұп құрау дәстүрін жоқ етеді. Айналып келгенде, азаматтық неке туралы заң ер мен әйелдің бей-берекет жыныстық қатынасқа түсуіне жол ашатын құжат болып шығады. Азаматтық неке дегеніміз - Батыс ойлап тапқан ең зиянды бастамаларының бірі. Мұндай үрдістің кең етек жаюы қоғамның рухани азып-тозуына, біржынысты некенің заңдасуына жақын қалғанын көрсетеді. Қазір балалар үйі тастандыларға толып тұр. Ертеңгі күні азаматтық неке үрдіске айналғанда, олардың саны еселеп өседі. Сонда жетімдердің көз жасына кім жауап береді? Өзіміздің ұлтымызға өзіміз ор қазып жатқандаймыз. Аталмыш некелесу түрінің зардабын тартып жүргендер қазіргі таңда жеткілікті. Сонымен қатар дәстүрлі түрде некелесіп алып, бірнеше баланы таптыртып, кейіннен «жараспадым» деп табанын жалтырататын турақсыз «көкек» әкелер де толып жатыр. 2012 жылдың өзінде артында қалған некелі әйелінен туған өз балаларына алимент төлемеген әкелер саны 200 мыңға жетіп жығылған. Осыдан соң азаматтық некені дурыс деп көріңіз...

Айта берсең жан шошынатын жағдайлар биыл да көбейіп тұр. Ақтауда бір азғынның кесірінен бір бәйшешек ерте солды. Тамызда болған айуандық әрекеттің құрбаны 6 жасар Виктория Минина үш ай бойы ес-түссіз жатқан болатын. Осыдан бір айдай уақыт бұрын дәрігерлер сәбидің миы өлген деген қорқынышты диагноз қойған еді. Өкінішке қарай, 6 жасар қыз сол күйі есін жимастан 21 қараша күні кешке көз жумды. Осындай азғындарға қашанғы «түсіністікпен» қарап, түрмеге тоғытып, 20-25 жыл бойы ас-суын беріп асырайтынымыз белгісіз. Белгілісі, әрқайсысы өрімдей ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата- аналар қазір үлкен үрей үстінде отыр. Тіпті Бас прокурордың өзі «мундай қылмыстардың алдын алу, бетін ашу үшін мемлекет жасаған шаралардың жеткіліксіз» екенін шарасыз түрде мойындап, қоғамдық дертпен халық болып күресуге шақырды. Осы ретте көпшіліктің санасында «Шариғат заңдары ше?» деген сурақтың туындауы заңды...

Р.S. Анығында Ислам заңдарының ерекшелігі қандай? Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеті болып саналады. Араб, мұсылман елдері Конституцияның орнына шариғат заңдарына бағынатыны мәлім. Негізінен шариғат соты төрт ұғымның басын біріктіреді. Олар: Қасиетті Құран Кәрім, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы — сүннет, мұсылман ғалымдарының пікірлері - Иджма және мұсылмандардың өмірлік құбылыстарын сәйкесінше талдау - қияс.

Рас, шариғат заңдары қоғамдағы ең ауыр, әрі әділ жаза болып есептеледі. Шариғат заңдарының бүгінгі зайырлы заңдармен салыстырғанда шектеуі мен тыйымының көптігі, жазалардың ауырлығы бірден байқалады. Мәселен, зинақорларды дүре соғу, жерге көміп қойып тас ату және өлім жазасына кесіп отыру секілді қатаң тәртіпке бойұсындырып, әділетті қоғам орнатуға күш салады.

Бұл таңдаудың әуре-сарсаңы жоқ, шығыны да аз. Еліміздегі дінтанушылардың ойынша, шариғат үкімдері қылмысты болдырмауда үлкен қызмет атқарады. Олар, қылмыс атаулының тамырына балта шабу үшін діни соттар қажеттігін айтады. Алайда, біздің үкімет «көп ұлтты мемлекетімізде шариғат заңдарын қолданысқа енгізе алмаймыз» деп солқылдақтық танытуы әбден мүмкін.

Ұлықбек БЕКҰЗАҚҰЛЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер