BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сансыратқан сасық су

Соңғы кезде Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінің шығыс беткейінде орналасқан 3-квартал аумағынан кесіп өтетін құбырдың кесірі тиіп тұр. Ол маңда жүзден астам отбасы қоныстанған. Қиыны сол, Қазалы аудандық ауруханасының қалдық суы жар­тылай құбырмен, жартысынан көбі құбырсыз ашық-шашық күйінде кетіп жатыр. Одан шығатын нәтиже - сасық иіс, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, бәрі сонда.

Кеш қарая үйдің есігін ашып қоюға мүм­кіншілік жоқ. Жыбырл­аған улы жәндіктер жарыққа, есік алдына жиналып,­ үй ішіне кіруге тырмысып тұрады.­ Бірен-саранын үй ішінен де ұстап алған жайы­мыз бар. Бәрінен де иісін айтсаңшы, таза ауа дегенді тек арманда­п қана қала беретін шығармыз. Талай дизен­ф­екция да жасаттық, кететін түрі жоқ. Бала-шаға бар, есік алдына жіберуге қорқамыз. Қорқыныштың себебі арнасынан асқан сасық су есік алдына шейін келіп тұр. Бұл жақта инфрақұрылым мүлде жоқ (ауызсу,­ жол мәселесі). Ауызсуды біразы құдыққа құйдырып ішеді. Құдық жанына келген лас су ауру тудырмай­тынына кім кепіл? Балаларымыз іш ауру болса, кім жауапты?

Бұл жайлы кент әкімдігіне де айтып ескерттік, екі-үш мәрте келіп көзімен көріп, жағасын ұстап, «ертең тапсырма беремін» деп айтып кеткен. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді. Кент әкімдігінен әкім орынбасары Қайрақбай Орынбасаров, екі-үш күннен кейін аудандық аурухананың шаруашылық істерімен айналысатын адамы да келіп көрді. Бос сөзбен алдаусыратып кетті. Бір апта өткен соң тағы бір соғып, бір машина құм төкті­ріп, «мына жердің суларын тарттыратын техника таба алмай жатырмыз, бәрін тазалап, үсті­нің бәрін құммен жаптырамыз» деп тағы кете барды. Есесіне суды үсті-үстіне айдауда.

Бұл құбырды не жер астыме­н жіберуге, не мүл­дем алып таста­уға болмай ма? Осы мәселеге кент әкімі мен тиісті орын­дардан жауап­ күте­міз. Әйтпесе, тұрғындарды сасық су сансы­ратып тұр.

3-кварталдың бір топ тұрғындары атынан

Мади ЖҰБАТОВ,

Қазалы ауданы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер