КҮЗГІ ЖИЫН – ТЕРІМ НАУҚАНЫ - Мезгіл мәселесі|17 Қыркүйек 2016, 10:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

КҮЗГІ ЖИЫН – ТЕРІМ НАУҚАНЫ

Бейсенбі күні Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапа- рымен Абай ауданына келді. Алдымен өңір басшысы Абай қаласындағы «№1 қосымша білім орталық мектебі» ҚММ келді. Мұнда биылғы жылы «Техникалық моделдеу және құрастыру» және «3Д – графика. 3Д – моделдеу» кабинеттері ашылғын болатын. Аталмыш үйірмеде Абай қаласындағы мектептерден 120 бала қатысады. Осыған орай, ауданымыздағы қосымша білім алатын балалардың жалпы қамтуы 7% артқан. 2016 жылы техникалық білім берудің сапасын арттыру, техник алық салаға оқушыларды тарту және мектепте инженер кәсібін жоғарлату мақсатында «Болашақ инженерлер» атты облыстық жоба кірген болатын. 2014 жылдан бастап мектеп «Жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім» облыстық жобасын жүзеге асыру мақсатында инклюзивті білім беру бойынша тәжірибелік алаң болып табылады.

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Осы бағытта оқытылып келе жатқан мектеп оқушылары облыс басшысына өздерінің қолдарынан шыққан туындыларын көрсетіп, оның жасалу жолдарын түсіндіріп берді. Облыс әкімі ұстаздар мен оқушыларға алдағы уақытта сәттілік және шығармашылық табы- стар тіледі. Сондай – ақ Нұрмұхамбет Әбдібеков ауданымыздығы ең ірі Көксу ауылдық округіндегі «Астро – Агро LTD» ЖШС және «Шанс» ЖШС өнім жинау жұмысының барысымен танысты. «Астро – Агро LTD» ЖШС – ның директоры Амангелді Мұқашев картопты сұрыптап, вируссыз картоп өсіру бойынша жұмыстар жүргізілетін зертхана- сын, 8000 тоннаға дейін картоп сақтайтын қойманың жұмыс жағдайымен таныстырды.

Дәнді – дақылдар мен картопты жинау алқаптарын аралады. ЖШС директоры Амангелді Тұрсынұлы мен агроном Ольга Ивановна картоптың, сәбіздің, орамжапырақтың, қызылшаның тұқым түрлерін көрсетіп, ерекшеліктерін айтып берді. Мұнда жалпы жер аумағы – 26 052 га оның ішінде егістік алқабы – 3084 га; шабындық – 315 га; жайылым – 22 258 га, суармалы – 737 га құрайды.

Биылғы жылы астық өнімін – 1627,5 га егіп, 991 га жиналып алынып, түскен өнім – 37,7 центнерді құрап отыр. Картоп пен көкөністің де шығымы жаман емес. Қазіргі кезде картоп гектарынан 304 центнерден түсуде. «Шанс» шаруа қожалығы республика бойынша жалғыз комбайн Grimme Variton 470 пен JOHN DEERE 7250 астық жинайтын комбайнға күштілігі мен жинау қабілетін сынап көру үшін обыс әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы өзі мініп, картоп және астық жинау жұмыстарына кірісіп кетті. Комбайн жинаған картопты жанындағы трактор тіркемесіне төкті.

Өзінің алған әсерлерімен бөлісіп, комбайн жүргізушілеріне, шаруаларға ризашылығын білдірді. Жалпы бұл шаруашылықта жалпы жер аумағы – 21 017 га құрайды, оның ішінде егістік алқабы – 12 445 га; шабындық – 656 га; жайылым – 6 203 га, суармалы – 397 га. Биылғы жылы жалпы аумағы 9298,5 га астық егіліп, 6155,5 га жиналып, жалпы өнім – 15420 тоннаны құраған. Картоп 1114 га егіліп, гектарына 252 центнерден өнім алынған. Ауданымыздағы ең ірі екі қожалықта да күзгі науқан қызу жүріп жатыр.

Егін жинаумен қатар, жем – азық дайындау да белсенді жүргізілуде. Негізінен картоп өсірумен айналысатын қожалықтар өнімнің түсімі көп болатындығына сенім білдіруде. Күзгі науқан кезіндегі ауа райы да диқандардың көңілінен шығып отыр. Егістік алқаптарында техникалардың да қарасы көп. Бір тынбай жұмыс жасауда. Ендігі басты мақсат – қамбаны толтырып, көктемгі, жаз бойынғы еңбектің күзде қызығын көріп, уақытылы жинап алу.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер