Қызылорда халқы Сырдың суынан қаша көшпекші - Мезгіл мәселесі|08 Желтоқсан 2016, 11:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда халқы Сырдың суынан қаша көшпекші

Апта басы ақсулықтарға оңайға соққан жоқ. Дарияның жағасында тұратын біршама тұрғынды әбігерге салғаны рас. Бөгет бұзылып, су тасу қаупі төнді. Халық түнімен ұйық­тамады. Құжаттарын да­йындап, алда-жалда төтенше жағдай бола қалса, көшуге дайын тұрды.

Көбіне көк­тем мезгілінде болатын су басу қаупінің желтоқсанда аяқ асты орын алуына байлан­ысты тиісті сала мамандарынан сұрастырдық. “Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейн­дік инспекциясы” РММ басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітов қауіпті аймақтарда­ күндіз-түні кезекшілер жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Бұл ауа райына байланысты болып­ отырған жағдай. Қазір күн күрт жылып кетті. Осыған дейін күн суыған­да мұз қатқанымен, күннің жылын­уына байланысты олар еріп, сең жүрді. Қазіргі таңда­ Жалағаш ауданының Ақсу елді мекеніндегі бөгет қалпына келтіріліп, қауіп сейілді. Алайда Жалағаштағы Далдабай, Қармақшы ауданындағы Қызылтам елді мекендеріне қауіп төніп тұр. жыл сайын­ “Шардара” су қоймасынан төмен қарай секундына 600 текше метр су жіберіледі. Былтыр да, биыл да сондай болға­н. Ал “Шардара” су қоймасының 2015 жыл­ғы көлемі 2 млрд 200 млн болса­, биыл ол көрсеткіш 200 млн-ға аз, яғни 2 млрд,- деді Ж.Нұрсейітов.

Қызылорда облысы жұмылдыру дайын­дығы басқармасы “Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою” бөлімі­нің басшысы Ақайша Сматова­ да сеңнің әсерінен қауіп төнгенін растады.­

Өздеріңіз білесіздер, күн суытып, Сырдарияда мұз қатып келе жатыр еді, күннің жылынуына байланысты қайтадан еріп кетті. Әйтпесе, көк­темде еритін мұз ғой. Енді қазіргі таңда елді мекенді су алдырмас үшін барлық­ жағдай жасалынып жатыр. Барлық жерде кезекшілер тұр. Облыс бойынша су басу қаупі бар аймақтар белгілі. Сол аймақтар қазіргі таңда 56 учаскеге бөлініп, 135 мекеме жауапты болы­п отыр. Сондай-ақ 82 эвакуациялық жинақтау, 96 қабылдау пункттері дайындыққа келтірілді. Басшылардың бәрі қазіргі таңда сол аймақтарда жүр. Арнайы тікұшақпен барлық­ жағдайды бақылауда,- деді А.Смато­ва.

Ал осы мәселе бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановқа хабар­ласқанымызда, “бұл мәселе бойынша­ аудандық бөлімшелер жауап береді” деп, бір ауыз сөзімізді тыңдамастан телефон тұтқасын қоя салды. Сонда Жалағаш ауданы Ақсу елді мекенінен сейілген қауіптің осы аудандағы Далдабай, Қармақшы ауданындағы Қызылтам елді меке­ніне жеткенін облыстық төтенше­ жағдайлар департаменті өз назарында ұстап, бақыламайтын болғаны ма? Басшылық өзіне тиісті жауаптан неге қашады?

Десе де мәселенің мәнісін білу үшін Қармақшы ауданы әкімдігіне хабарластық.

Жалағаш ауданы мен Қармақшы ауданы шекарасындағы Сырдария өзенінің тасуына байланысты су деңгейі­ көтерілді. Орын алған жағдайға байлан­ысты Қармақшы аудандық азамат­тық құтқару қызметі дайын­дық­қа келтірілді. Қауіпті аймақтар бо­йынш­а кезекшіліктер ұйымдастырылды. Қызылтам елді мекені тұсындағы Жалағаш-Жосалы жолын су басу қаупі­нің алдын алу жүргізілуде. Қазіргі таңда­ аудан әкімдігі тарапынан 5 техника жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқары­луда. Су басу қаупі бар аймақтарда мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың бақпадағы жануарлары тиісті құтқару қызмет­керлері арқы­лы қауіпсіз жерлерге шығар­ылды. Аталған жағдай аудан басшы­лығының қатаң бақылауында,- деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алайда сейсенбі күні түнде Жалағаш-Жосалы тасжолын су басып, аталмыш жол уақытша жабылды. Бақылау күшейтіліп, қаншама техника жұмыл­дырылғанымен, табиғат тосын мінезін танытты. Қазіргі таңда тиісті басшылардың бәрі қауіпті аймақтың басы-қасында жүр. Қыс басталмай жатып әбігерге салған Сырда­рияның сеңімен арпалысуда. Алдымен елді мекендерге төнетін тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық жағдай жасалы­нып жатқан көріне­ді. Бірақ қауіптің беті әлі қайтқан жоқ. Ал жанын шүберекке түйіп, құжаттарын құшақтап отырған тұрғындардың бар үміті – күн қабағы мен басшыларда.­

Ж.ТІЛЕУБЕРГЕН

www.halyk-gazeti.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Желтоқсан 2018, 19:53
Қызылорда – көшбасшы
Пікірлер