BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәнді дақылдардың рекордтық өнімі жиналды

ШҚО шаруалары дәнді дақылдардың рекордтық өнімін жинады. Жалпы өнім 1 млн тон- надан асты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бір жарым есе артық, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. ШҚО шаруалары биыл жақсы өнім жинады. Ауыл тұрғындары суық түскенге дейін бұл шаруаны бітіріп үлгерді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында соңғы жылдары өңірде мұндай ре- корд орнатылмағанын айтты. «Зайсан, Шемонаиха және Глубоковский аудандарында орташа өнімділік нормадан жоғары болып, гектарына 20 центнерді құрады. Бұл жергілікті шаруалардың озық технологияларды меңгеруінің жемісі», - деді ШҚО ауыл шаруашылығының басшысы Қонысбай Төлеубеков. Атап өту керек, өңірдегі ішкі сұраныс толық қамтылғаны белгілі болды. Ал қалған астықты шаруалар Қытай мен Ресейге экспорттауға ниетті. Алдын ала болжамдар бойынша, биыл бидайдың бір тоннасы 40 мың теңге шама- сында сатылады деп күтілуде.

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер