BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоспарда - сүт өңдеу цехын ашу

Новохайрузовка ауылында «Самай» шаруа қожалығының базасында сүт қабылдау пункті ашылғаны жайлы оқырмандарымыз газетіміздің алдағы нөмірлерінен оқыған болатын. Ендігі кезекте, осы пункттің жаз маусымындағы атқарған жұмыстары және алдағы уақыттағы жоспарлары жайлы қожалықтың басшысы Мәлік Садуевпен әңгімемізде: -Сүт қабылдау пункті ағымдағы жылдың 10 маусымында ашылып, 1 қазанға дейін жұмыс жасады. Ауылдастар сүттерін өткізу мүмкіндігі туғанына разы, - дейді Мәлік Зиядаұлы. – Алайда, олар басында біраз сенбеушілік танытқан болатын, өйткені, алдыңғы сүт алушылар сүтті күнделікті алмай және өнімнің ақысын уақытында төлемей сенімдерін жоғалтқан. Біз сүтті күнделікті алып, 1 литрін 50 теңгеден түсірген жоқпыз. Сүттің майлылығы үнемі тексеріліп тұрды және ол 3,6 пайыздан төмен болмады. Яғни, тұрғындар бізге сенім артып, сапалы өнімдерін тапсырып тұрды. Биыл сүттерін ауылдықтардың 40 пайызы ғана тапсырды, өйткені, көктемде бұзауларын емізіп жіберген.

Ал, келесі жылы тұрғындардың 80 пайызы сүт тапсырамыз деп ниет білдіруде. Шаруа қожалықтың 25 бас сиыры сауынға қойылып, олардың сүті тапсырылып отырды. Алдағы уақытта сауын сиырлардың санын арттырып, асыл тұқымды бұқалар сатып алмақпыз. М.Садуев сүт қабылдау орнын ашу үшін қажетті құрылғыларды сүт-тауарлы фермалар құру және дамытуға арналған «Агробизнес - 2020» салалық бағдарлама бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы сатып алғандығын айтты. Фермердің сатып алынған сүт қабылдау кешенінің 1,5 тонна сүтті бірден қабылдап, тазартып, суытуға мүмкіндігі бар. Кейін ол сүт өңдеушілерге өткізіледі. -Ары қарай сүтті өңдеу үшін Зырян қаласындағы «Турайда» ЖШС-мен келісім-шарт жасағанбыз. Жаз айларында біз оларға 50 тоннадан артық сүт өткіздік. Алдағы уақытта, аудан халқына өзіміз өңдеп шығарған сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өзімізде сүт өңдеу цехын ашу жоспарымыз бар. -Ауылдастар жаздай сауылған сүттерін қуана- қуана тапсырды. Өйткені, сүт ақысы олардың көңілінен шықты және төлем уақытылы жүргізіліп тұрды, - дейді осы сүт қабылдау пунктінде жұмыс істеген Сәуле Ақтанова. -Мен өзім де сүт тапсырушылардың бірі бол- дым, сондықтан, бұл тиімді және күнделікті тұрақты табыс көзі екеніндігін түсіндім. Малды асылдандыру мақсатында техниканы жаңарту - жақсы өнім кепілі.

Материалдарды даярлаған Жанар Қасымханова. Суреттер Евгений Брайконікі. Шамиль Багаутдиновтікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер