BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отандық тауарлар мен өнімдерді сатып алып, патриот екенімізді танытатын кез жетті

Фото: Халық маркасы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынган-тын. Осы ретте, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозгалысының белсенділері акцияның қолга алынганын жария еткенде кәсіпкерлер қауымы жаппай қуанганы мәлім. Өйткені, акция барысында сауда желілерінде сатылатын отандық өнімдер көзге бірден түсердей айшықталып қойылатын болады. Қазақстандық өндірушілердің тауарларын сатып алгысы келетін азаматтарга бұл өте қолайлы екені белгілі.

Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет мыңдаған жеке кәсіпкерге қамқорлығы мен көмегін сарп етуде. Соның арқасында олардың әрқайсысы өңірге, тұрғындарға қажетті тұтыну тауарларын өндіруде. Мәселен, Железин ауданында «Ракишев» шаруа қожалығына қарасты диірмен және наубайхана 1995 жылдан бері жұмысістеп келеді. I және II сұрыпты 7 тоннаға дейін ±н тартып, І және ІІ сұрыпты нан өнімдерін, кондитерлік тағамдарды дайындайтын кәсіпорында 10-нан астам адам еңбек етеді. Сол сияқты, «Хаирбаев» жеке кәсіпкерлігінің наубайханасы 2005 жылы ашылған. Өндірістегі 4 пеште пісірілетін І, ІІ сұрыпты ұннан дайындалған нан, тоқаштар мен бәліштер, сондай- ақ, кондитерлік тәтті өнімдердің түр-түрі аудан жұртшылығының жоғары сұранысына ие.

Мұнда да 12 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Ал, 1993 жылдан бері «Рамазанов» жеке кәсіпкерлігінің наубайханасында 12 түрлі, тәулігіне 1000 дана нан өнімі дайындалуда. Қазіргі уақытта аудан орталығының тұрғындарына, тіпті Ресейдің көршілес Шарлақ, Купино аудандарының тұтынушыларына ұсынылуда. Наубайхананың 5 жұмыскері ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Железин аграрлық- техникалық колледжінде наубайшы-кондитер мамандығына даярлайтын арнайы курстан өткен. Дегенмен, жеке кәсіпкер Жамал Жұмабекқызының айтуынша, жас мамандар қажеттігі де жоқ емес. Алдағы уақытта наубайхана жұмысын кеңейту жоспарланғанына байланысты, кадр мәселесін шешу міндеті айқындалған. «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында 2011 жылы наубайхананың жаңа ғимаратының құрылысына несие алынып, толығымен өтелген болатын. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама шеңберінде көлікжай құрылысына несие рәсімделген. Кәсіпкер жаңа жылда нан және нан өнімдерін тасымалдайтын жаңа көлік сатып алып, келешекте автотұрақты тағы да ұлғайтпақ. - Біздің елімізде өз кәсібін ашып, жұмыс жасаймын деген адамдарға жақсы қолдау жасалып отыр.

Мәселен, Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет», - деген болатын. Осыншама қомақты қаржы дағдарыс кезінде кәсіпкерлерді қиындықтан алып шығуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Біз шығарып отырған өнімді Железин ауданының және көрші аудандардың тұрғындары тұтынып отыр. Болашақта наубайхананың құрылғыларын жаңартып, жұмыс көлемін одан әрі ұлғайтсақ деп отырмыз. Жеткен жетістігіміз аз емес, алар асуымыз да алда деп үміттенемін, - дейді кәсіпкер Ж.Рамазанова. «Біздің еліміз соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму жолына түскенін бәріміз білеміз. Бұл қажеттілік уақыттың талабы еді, яғни біздің өркендеуіміздің келешегі болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылғанын көріп отырмыз. Қазақстан тауарлары заманның барлық талаптарына сай болмаса, біз мына ғаламданудан артта қаламыз. «Қазақстанда жасалған» деген сөз нағыз сапаның, мықты өндірістің символы болуы тиіс», - деген болатын Елбасы. Сондықтан, кез келген отандық өнім тұтыну нарығының жоғары талаптарына сәйкес болып, үдеден шыға алатындай жағдайға жетуі қажет. Бүгінгі таңда осы межеден көріну мақсатында жоспарлы жұмыстар қолға алынып, бірқатар игі қадамдар жасалуда. Жиһаз пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін.

Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес болуы керек. Жалпы жиһаздар тұрақты жиналмайтын, тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы, әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын, бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді. Железин ауданында жиһаз жасау, құрастыру, қайта жаңартумен ісімен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер баршылық. Солардың, бір парасына тоқталып өтейік. «Алексеев» жеке кәсіпкерлігі 2012 жылы құрылған. Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер Сергей Алексеев кей кездері тапсырыс көлемінің көбеюіне байланысты, 2-3 адамды жалдауға да мәжбүр болады екен. Негізінен, цехта жиһаздың барлық түрлері өндіріледі.

Ал, «Карина» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Н.О.Калюжный жиһаз өндірісін 2011 жылы іске қосқан. Негізгі мамандығы ішкі істер саласының қызметкері болғанымен, Николай жастайынан жиһаз жасау өнеріне жақын болған екен. 2010 жылы Омбы қаласындағы жиһаз фабрикасында тәжірибе жинаған ағаш шеберінің тауарына аудан орталығынан тыс, Павлодар, Ақсу қалаларынан келіп түсіп жатқан тапсырыс легі толастамауда. Сонымен қатар, тұтынушыға оңтайлы жағдай жасап, жиһазды жеткізіп беру және құрастырып, орналастыруды тегін жүзеге асырады. Қарамағындағы үш адамның күшімен тұрмыстық және кеңсе жиһаздарын сапасы жоғары әрі арзан бағамен дайындайды. - Мемлекет қолдауының арқасында бізге сапалы әрі сұранысқа ие жиһаз жасауға мүмкіндік туды. Шетелдік өнімнен кем түспейтін жиһаз шығарғымыз келді. Ағаш шеберлігі бастапқыда әншейін әуесқой іс болса, енді табыс көзіне айналып отыр.

Бүгінде бизнесімнің көкжиегі кеңейіп келеді. Жерлестеріме көңілдерінен шығатын жиһаз ұсынып, нәпақа тауып, отбасымды қамтамасыз етудемін. Бір қараған адамға кәдімгі тақтай боп көрінсе де, оның қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару да оңай емес. Көп жағдайда бізге тапсырыс тұтынушылар арқылы немесе таныстардан түсіп жатады. Өйткені, кез келген нәрсе көзбен көрмей, қолмен ұстамай көңілден шықпайды ғой. Сол секілді тұтынушыларымыз бірінің үйінен бірі көріп, ұнаса, тағы бірі тапсырыс беріп жатады, - дейді Н.Калюжный. Жиһаз жасау цехына көшірілген шеберхана құрал-жабдықтарының барлығы дерлік жаңартылған. Өндіріс орнында заманауи құрал- жабдықтарды пайдалану жұмыс сапасы мен өнімділігін арттырары сөзсіз. Сондықтан, жиьаз жасау ісінде алғашқы кездері қытайлық құрал-жабдықтар пайдаланылса, бүгінде ресейлік, итальяндық станок іске қосылған. Сондай-ақ, осы станоктарда жұмыс жасайтын ағаш шеберлері де бар. Жиһаз жасауға арналған ағаш және өзге де материалдар облыс орталығынан әкелінеді екен.

Жалпы, аталмыш цех жиһаздың түр-түрін жасауға қауқарлы. Шеберлердің айтуынша, мұндағы жиһаздар бірегейлігімен ерекшеленеді. Экологиялық таза материалдардан жасалған өнімдер сөзсіз көңілден шығары анық. Өндірушілер тауарларының ұзақ мерзімде пайдаға асуын ең бірінші мақсат қойған. Алдымыздағы жаңа жылдан бастап, кәсіпкер жұмсақ жиһаз өндірісін қолға алуды межелеген. Әлемдік экономиканың тұғыры шайқалып тұрған шақта қаржылық қысымның салқыны Қазақстанды айналып өтпеді. Сол себепті, Қазақстанға, елімізге қолдау көрсетіп, қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді. Сондықтан, елімізде өндірілген, «Қазақстанда жасалған» тауарлар мен өнімдерді сатып алып, патриот екенімізді танытатын кез жетті.

Е. Ахметсәлімұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер