BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлер бас қосты

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлер басқосуы өтті. Аталмыш басқосуда ОҚО «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Шардара аудандық филиалының директоры Исатай Әділхан 2016 жылғы 9-айлық бойынша есеп берді. Жиынға ОҚО «Атамекеы» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғазизбек Натбаев, Шардара аудандық маслихат хатшысы Бұлтбай Мүталиев, аудан прокуроры Талғат Сейдуалиев, «Іскер әйелдер» кеңесінің мүшесі Нұргүл Қобланова, аудандық мәслихат депутаттары, Шардара ауданы мемлекеттік мекеме басшылары, кірістер басқармасы, қала, ауыл әкімдері, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басшылары және аудандағы барлық саладағы кәсіпкерлерлік тұлғалардың басшылары қатысты. Ауыл округтерінен арнайы келген шаруа қожалықтарының төрағалары көкейде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптар алып, ой бөлісті. Кейбір сауалдар назарға алынып, алдағы уақытта тиісті сала бойынша жауаптар берілетіндігі айтылды.

Сондай-ақ, аудан прокурорының көмекшісі А.Түршеков кәсіпкерлік саласындағы кәіпкерлердің құқықтары толыққанды қорғалуда екендігін, осы күнге дейін заң бұзушылықтар орын алмағандығы турасында, атқарылған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Кәсіпкер азаматтар үшін мобильдік топ құрылып, нәтижелі жұмыстар жасалып жатқандығын тілге тиек етті. Мұнан өзге де жұмыстар жайын зерделей келе, аудан прокуроры Т.Сейдуалиев 2-19-57 сенім телефоны арқылы қандай да бір арыз-шағымдар төңірегінде дау-дамай болған жағдайда аудан мен ауыл арасы шалғай деместен аталаған байланыс телефоны арқылы да арыз-шағым қалдыруға болатындығын жеткізді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Мүталиев келген қонақтарға аудан тұрғын- дары атынан алғыс білдіріп, жиынды қорытындылады.

«Шарайна-ақпарат»


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер