BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балқаштың нанынан дәм татыңыз

Астанада Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанның үздік тауары-2016» атты республикалың конкурс болып өтті. Байқауда "Балқаш нан" комбинаты ұжымы жеңіске жетіп, мерейі үстем болды.

"Біздің кәсіпорын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Елбасы қол қойған «Казақстанньщ үздік тауары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды, бұл өте айтулы оқиға деп білеміз. Сонымен бірге, бұл Балқаш наубайханашыларының еңбегіне берілген жоғары баға, әрі үлкен жауапкершілік", - дейді «Балқаш нан» комбинатыны директоры Айгүл Бүрленова.

"Бүгінгі күні біздің кәсіпорын тек Балқашты ғана емес, қалаға іргелес жатқан поселкелердің және Карағанды, Алматы мен Астана қалаларының тапсырыстарын орындайды. Болашақта кәсіпорынның қуаты артпақ, соған сәйкес осы өнімдермен тәуелсіз еліміздің басқа аймақтарын да өз өнімдерімен қамтамасыз ету көзделуде. Мақсатымыз Балқаштың нанының маркасының танымалдығы артып, бүкіл Қазақстанға белгілі болса дейміз". Бүгінгі күні кәсіпорын 85- тен астам нан- тоқаш өнімдерін өндіреді. Жаңа технологияны пайдалана отырып, зауыт адам денсаулығына пайдалы диеталық және жоғары сұрыпты нан өнімдерін өндіреді. "Балқаш нан" комбинаты әлеуметтік бағдардағы кәсіпорын ретінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетеді. Кала көлемінде өтетін қайырымдылық акцияларына ұдайы қатысып, Балқаш қаласындағы балалар үйін нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Күн сайын мұқтаж жандарға арналған дүкен арқылы нан өнімі тегін беріледі. Зауыттың іске қосылғанына көп болмаса да, Балқаш нан зауытының жетістіктері аз емес. Жақында ғана зауыт ұжымы Орта Азиялық халықаралық "ВДогШҒооё Кагакһзіап 2016" көрме аясында өткен 2016 жылдың ең үздік нан және конди- терлік өнімдер байқауында «Жыл таңдауы» деген жоғары марапатқа ие болған еді. Сондай-ақ екі үшінші орынды иеленіп, «Өнімнің ең жоғарғы сапасы үшін» медалімен марапатталған болатын.

Әлтайыр ӘБІШ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер