BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауылдың атпал азаматтары

Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге, оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады, яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымына да байланысты. Сондай-ақ, талқысы мен тәттісі қатар жүретін шаруашылықтарды дөңгелетіп отырған азаматтармен айқындалады.

Ақтау селолық округінде шаруа қожалықтары жыл сайын 4452 гектар жерге дәнді дақыл, 2302 гектарға майлы өсімдіктер егеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы, жеке кәсіпкерлік те тұрақты өркендеу үстінде. Солардың қатарында, «Благодатное» ШҚ ЖШС-інде 515 бас аналық сиыр сауылып, сөткесіне 1500 литр сүт жиналады. Ірі-қараның жалпы саны - 708 бас. Қазіргі уақытта бірыңғай Симментал тұқымына көшіп, сүт өнімдерін кеңейту қолға алынған. Ауылдың 24 тұрғынын жұмыспен қамтыған шаруашылықтың есебінде РСМ-101 Вектор, Дон-1500, Нива, Енисей секілді барлығы 9 комбайн, 18 трактор, 8 жүк көлігі, шөп, астық жинау жабдықтары бар. 4000 тоннаға дейін астық кептіріп, тазалайтын қырман науқаны 100 пайызға аяқталған. Алдыңғы белестен көрініп келе жатқан «Благодатное» шаруа қожалығы 2010 жылы құрылған. Қожалық басшысы А.В.Дерр- Павлодар қаласының тумасы. Өзінің еңбек жолын сауда саласында бастаған Андрей Викторович «Блиц фасад» ЖШС, «Azia LTD Pavlodar» ЖШС-інде директорлық қызмет атқарған. Ал, 2010 жылдан бастап ат басын ауылға тіреп, ауылшаруашылық саласының майталманына айналған. Бүгінгі таңда Березовка ауылында ашқан наубайханасы да халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Округ әкімі Мақсат Сағиевтің айтуынша, ауылдың мәдени, спорттық, өзге де игі шараларына демеушілік көрсететін серіктестік ел ризашылығына бөленуде. Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстанда тарихи, әсіресе әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келді. Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды. ...Мемлекеттің күллі қаржы- экономикалық саясаты, соның ішінде әлеуметтік және ауылшаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуға тиіс» деген болатын. Қазіргі уақытта, келешегі бар ауылдар саны көбейіп келе жатқанын көріп, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлерге риясыз ризашылық танытуға тиіспіз.

А. Ерлан


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер